Терінің шырышты қабаттарын қарау. Жүрек ауруларында тері түсі ағарады немесе көгереді.
Цианоз - терінің көгеруі қанда босаған гемоглобиннің көбеюіне байланысты болады. Цианоз жалпы және шектеулі болып бөлінеді, ал жалпы цианоз шеткімен жалпы орталық болып бөлінеді.
Жалпы орталық цианоз: біріншіден, өкпеде газ алмасу процессі нашарлағандықтан, қанның оттегімен қанығуының бұзылуына байланысты дамиды. Екіншіден, орталық цианоз кейбір іштен туа біткен жүрек ақауларында артериальды және венозды қанның араласуына бос гемоглобиннің көбеюіне байланысты дамиды.
Шеткі цианоз жүрек әлсіздігінің әсерінен жүректен алыс орналасқан мүшелерде пайда болады: ерін, құлақтың үші, саусақтардың басы көгереді, және оны акроцианоз деп атаймыз.
Шектеулі цианоз дененің бір жерінде қан айналымының бұзылуына байланысты пайда болатын цианоз, мысалы: венаның варикозды кенеюі, тромбофлебит, венаның ісікпен, тыртықпен, өскен лимфа безімен қысылып қалуы.
Терінің ағаруы - құқыл не бозғылт тартуы қолқа ауруында, жедел жүрек – тамыр жетіспеушілігінде: естен тану, коллапс, шок, инфекционды эндокардитте байқалады.
Терімен шырышты қабаттардың ақшыл - сары тартқан түсі «сүтті кофе түсі» деп аталады да бактериялық эндокардитте, кардиальды циррозда кездеседі.
Терідегі геморрагиялармен петехиялар тромбоваскулитте, бактериальды эндокардитте тері ішінде көлемі кішкентай сопақша түрлі, нүкте түрлі қан құйылулар болып кездеседі.
Тері асты шелі. Қан айналымы ұзақ уақыт бұзылған кезде науқас адам өте жүдейді, бірақ ісінулер тарамайды ,оны кахексия дейді.
Ісінулер жүрек ауруларында негізгі белгі болып оң жақ қарынша жетіспеушілігіңің әсерінен пайда болып төменнен бастап жоғары көтеріледі. Жүрек ісінулері бүйрек ісінулеріне қарағанда кешкіге қарай көбееді, сұық және цианозбен қатар болады.
Жүрек аймағын және перифериялық тамырларды қарау. Жүрек ақаулары бар пациенттерде жүрек тұсы алға қарай шығынқы болады, ол жүрек томпағы деп аталады.
Астеник адамдарда жүрек ұшында пульсацияны көруге болады, ол жүрек ұшы соққысы деп аталады. Жүрек тұсындағы қабырға аралықтарына тутас тарайтын пульсацияны жүрек соққысы деп атайды, ол жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясын білдіреді.
Үйқы артерияларының пульсациясы «каротидтер биі»- қолқа қақпақшаларының әлсіздігін білдіреді. Бастың ілгері- кейін шайқалуы Мюссе симптомы қолқа шамасыздығында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |