Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Аорта саңылауларының тарылуы



бет42/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Аорта саңылауларының тарылуы. Сол жақ қарыншадан систола кезінде аортаға ауысатын қанның жолында кедергі туады. Ол сол жақ қарыншаға күш түсіреді-гипертрофия дамиды. Саңылауының тарылуы үдеген сайын, систола ұзарып, сол жақ қарынша іші қысымы артады. Бара-бара сол жақ қарыншаның күші әлсіреп, систоладан кейін оның ішінде қалатын қан көлемі артып, диастолалық қысымы көтеріледі. Бұл ретроградтық түрде әуелі сол жақ жүрекше қысымын жоғарылатады, кейін өкпе артериясы қысымы көтеріледі. Кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілісі туады. ΙΙ тыңдау нүктесінде систолалық шу пайда болады.


Үш жармалы қақпақшаның зақымдалу синдромы
Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілік синдромы. Этиологиясы – жиі ревматикалық эндокардит, сирегірек септикалық эндокардит, үш жармалы қақпақшаның бұлшықеттерінің жыртылуына әкелетін жарақаттар. Бұл ақау жиі басқа ақаулармен қосарласады. Жеке түрінде өте сирек кездеседі.
Гемодинамикасы: оң жақ қарыншаның систола кезінде қақпақшалары тесікті толық жаппайды, қан оң жүрекшеге қайтып оралады және сол уақытта жоғарғы және төменгі қуысты веналардан әдеттегідей мөлшерде қан құйылады. Оң жүрекше кеңейеді және гипертрофияланады. Диастола кезінде оң қарыншаға оң жүрекшеден қан көп мөлшерде құйылады және оған қоса систола кезінде жүрекшеге қайтып келген қан қосылады. Нәтижесінде оң қарынша кеңейеді және гипертрофияланады. Бұл ақауда оң жүрекше мен оң қарыншаның күшейген қызметі арқылы компенсация сақталады, бірақ жүректің оң жақ бөлімінің компенсаторлық мүмкіншілігі төмен болуына байланысты тез арада үлкен қан айналым шеңберінде веналық қан іркілісі дамиды. Төстің оң жағында 3-4 қабырғааралықта систолалық шу пайда болады.


Артериалдық гипертензия синдромы
Артериалдық гипертензия эссенциалды (біріншілік) және симптоматикалық болып бөлінеді.

  1. Эссенциалды гипертензия. Этиологиясы белгісіз.

Бейімдеуші факторлар:
а) тұқым қуалау арқылы берілетін гипертониялық ауруға бейімділік;
б) орталық нерв жүйесінің тамырлары реттеу қызметінің бұзылуы (психоэмоциналды факторлар);
в) тұз алмасу процессінің бұзылуы (тағаммен тұзды көп қолдану).
2. Симптоматикалық гипертензия – басқа мүшелердің ауруларында кездесетін артериалдық гипертензия.
Этиологиясы:
- Бүйрек аурулары;
- Қалқанша безінің гиперфункциясы (зоб);
- Бүйрек үсті безінің аурулары (Конн ауруы, феохромоцитома).


Клиникасы:
Эссенциалды гипертензия: бастың ауруы, желке тұсы сығып ауырады, жүйке жүйесі қозғыш, ұйқысы бұзылады, жүрек тұсы сыздап ауырады, құлағы шулайды, көз алды қарауылтады, көру және есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Анамнезінде тұрақсыз түрде қан қысымының көтерілгені болуы мүмкін, жанұясында ата-анасының бірінде артериалдық гипертензия бар екендігі анықталады. Өмір тарихында
қызметінің тынышсыздығы, жиі стресс факторларының маңызы бар.
Симптоматикалық гипертензияда жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа негізгі аурудың белгілері боладыү


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет