Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет10/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Терең пальпация. Бұл әдіспен іш қуысындағы мүшелер анықталады. Іш қуысының пальпациясы жылжымалы беткей пальпациясынан басталып, терең Образцов – Стражеско бойынша пальпацияға ауысады. Ол келесі ретпен, сол мықын аймағынан басталып, сағат тіліне кері жүргізіледі: қийма, өрмелеу, көлденең тоқ ішек, көк бауыр, асқазан, бауыр, жіңішке ішек (кіндік аймағы), төмендеу тоқ ішектің бөліктері, соқыр ішек, қасаға үсті, бүйрек.
Тығыз мүшелерді: бауыр, көк бауырды анықтау үшін демді терең алып, шығарған кезде қолды терең басып тексеру керек.


Перкуссия /тықылдату/

Латын тілінен Percussio - тікелей аударғанда «тері арқылы». Бұл әдісті 1761 ж Австриялық дәрігері Ауэнбругер ұсынған. Бұл тықылдату әдіс. Дененің әр бір жерін тықылдатып әр түрлі дыбыс естийміз, солар арқылы тықылдатқан жердегі мүшелердің жағдайын білуге болады. Тықылдатқан кезде астындағы ұлпа қозғалып қоршаған ауа әр түрлі амплитудалық толқын береді, ол толқындар дыбыс болып естіледі. Тығыз мүшелері (бауыр, көк бауыр, бұлшық еттер, қуыстағы сүйықтар) төмен амплитудалық қозғалыс береді, соңдықтан дыбыс тұйық, тынық болып шығады. Айқын дыбыс қуысты ауасы бар мүшелерден шығады: өкпе, іш, көмей, ауыз қуысы.


Осы әдіспен мүшелердің орналасуын, түрін, шегарасын патологиялық өзгерістерін анықтау болады.
Перкуссияның тікелей және тікелей емес түрлері болады.
Тікелей перкуссия екінші немесе үшінші бүгілген саусақпен мүшенің үстінен тікелей тықылдату. Қазіргі уақытта балаларда қолданылады және сүйектер тексеріледі.
Тікелей емес перкуссия плессиметр (пластина) арқылы жүргізілетін болатын, үстінен кішкентай балғамен тықылдататын, 1935 жылдан бастап саусақпен саусақтың үстінен қағады.
Дыбыстардың түрлері
- Тынық дыбыс ауасы жоқ үлкен мүшелердің үстінде естіледі: бауыр, бұлшық ет.
- Тынықталған дыбыс ауасы жоқ кіші мүшелердің үстінен естіледі: жүрек, көк бауыр.Патологиялық жағдайда тынықталған дыбыс өкпе үстінде естілсе онда ошақты пневмония немесе абсцесс, туберкулез және басқада патология туралы ойлау болады.
- Айқын, анық перкуторлы дыбыс құрамында ауасы бар мүшелерден шығады: өкпе, асқазан, ішектер.
- Қораб дыбыс өкпе эмфиземасында естіледі.
- Тимпаникалық дыбыс ол дабыл дыбысындай болады, бос асқазанмен ішек үстінде естілу мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет