Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет12/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Тікелей аускультацияда дәрігер құлағын пациенттің денесіне тікелей тақап тыңдайды. Тазалықты сақтау үшін құлақтың астына орамал төсейді. Бұл тәсілдің гигиена жағынан кемшілігі бар.
Аспапты аускультацияда әр түрлі аспаптар: стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп қолданылады.
Аускультация ережелерімен техникасы:

  1. Дәрігердің , фельдшердің қалпы өзіне ыңғайлы болу керек.

  2. Пациент отырғызып немесе турып туру керек.

  3. Бөлме тыныш және жылы болу керек.

  4. Дененің үсті аускультация кезінде қосымша дыбыс туғызбау керек, қаулап өскен тук болса, оны не сабындап сулау керек, не қырып тастау керек.

  5. Фельдшер, дәрігер аускультацияны өзі үйренген аппаратымен жүргізу керек, өйткені құлақ бір аппаратқа үйренеді.

  6. Стетоскоптың түтіктерінің үшы құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек.

  7. Стетоскоп түтіктері аускультация кезінде бір-біріне, пациенттің денесіне және дәрігердің киіміне тимеуі керек және дыбыс қабылдайтын қолқанын екі саусақтың арасында қимылсыз қысып ұстау керек

  8. Стетоскоп, фонендоскоптың дыбыс қабылдайтын қолқаны тыңдайтын бетке тығыз да тегіс қойылуы керек және қолқаны теріге барлық шетімен (периметрімен) бірдей тиіп тұруы керек.

Пациентті зерттеудің қосымша тәсілдері

Пациентті қосымша зерттеу әдістерін үлкен 3 топқа бөлуге болады.



  1. Зертханалық тәсілдер. Оларға лабораторияда жүргізілетін анализдер жатады. Мысалы: әр түрлі қанның, асқазан сөлінің, нәжістің, қақырықтың анализі және т.б

  2. Аспаппен зерттеу тәсілдер. Бұл тәсілдерді пайдалану үшін әр түрлі аспап, құрал - саймандар қолданылады. Мысалы рентгенмен тексеру, электрокардиография, эндоскопиялық ультрадыбысыспен зерттеу әдістер/УДЗ/, радиоизотопты зерттеу, температураны өлшеу т.б.

  3. Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар. Олар: плевраның, перикардтың, төс сүйегінің пункциясы, трепанобиопсия, тері, бұлшық ет биопсиясы, лапоротомия т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет