Сканерлеу - бұл радиоизотопты зерттеу әдіс, әр түрлі аурулардың диагностикасында қолданылады. Пациентке бір белгілі мүшеге жиналатын изотопты радиоактивті зат енгізеді, пациентті сканер аппатарының детекторының астына жатқызады. Детектор ионизация импульстарын ұстап оны экраннан көрсетеді. Радиоактивті заттың мүшеге сінуіне байланысты экранда бейне көрінеді: ақ, қара нүктелер. Осы нүктелер мүшенің көлеңкесін және одағы өзгерістерді көрсетеді. Көбінесе қалқанша без, бауыр, бүйрек зертегенде қолданады. Қалқанша безге І131, бауырға Au198, бүйрекке – Hg197 қолданылады.
Соңғы кезде радиоактивті изотоптар жүректі зерттеуге қолданылады - сцинтиграфия дейді. Радиоизотопты зерттеуде яғни радиометрия, радиография әдістері бар.
Ультрадыбыспен зерттеу - бұл әдіс ультрадыбыс толқындарының мүше және ұлпалардан өткенде, олардың тығыздығына байланысты, әр түрліғып тойтарыс беруіне негізделген.
Бұл әдіс өте кең тараған, адамға ешқандай зияны жоқ, өте қажетті, керекті әдіс, будан былай өте кең қолдануы күтулуде.
Арнайы аппаратпен адамның мүшелеріне ультрасигнал жіберіледі, олар кері қайтып экранда жазылып мүшенің құрамын және олардағы өзгерістерін көрсетеді. Бұл әдіс мүшелердің құрылысын өте жоғары дәлдікпен көрсетеді және зияндығы жоқ. Сондықтан медицинаның барлық бөлімдерінде өте кеңінен қолданылады.
Термография- медициналық интроскопия әдісі, адамның денесінен шығатын инфрақызыл сәулелерді температура түрінде жазып алу. Беткей орналасқан қатерлі ісіктерді қабыну ошақтарды анықтайды.
Науқасты бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көк бауыры УДЗ- не дайындау Зерттеу алдында 2-3 күн бұрын газ тудыратын (ішті кептіретін) шикі жеміс жидектерін, сүт тағамдарын қабылдамау керек. 2-3 күн күн активті көмір 3 рет қабылдау. Науқастың 10 кг салмағына 1 таблеткадан келеді. Тексерілетін күні ашқарынға келу. Дәрілерді қабылдамау.