Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Эндоскопиялық зерттеу әдістері



бет19/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Эндоскопиялық зерттеу әдістері


Эндоскопия - ағзадағы қуысты мүшелердің ішкі қабатын тікелей арнайы эндоскоп деген аппаратымен көру.
Эндоскоп - бұл әйнек талшықтарының жіптерінен құралған қозғалатын жылжымалы түтікше, басында шамы бар, сол арқылы ішкі қабаттың бейнесі көзге көрінеді.
Эзофагоскопия - өнешті қарау.
Гастроскопия немесе фиброгастроскопия – асқазанды қарау.
Дуоденоскопия - ұлтабарды қарау.
Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) - асқазанмен 12 елі ішекті қарау.
Трахеобронхоскопия - трахеямен бронхты қарау, көбінесе бронхоскопия жүргізіледі.
Цистоскопия - қуықтың шырышты қабатын қарау.
Колоноскопия - тоқ ішектің шырышты қабатың қарау.
Лапороскопия – іш қуысын қарау.
Ректороманоскопия – тік ішекті қарау.
Эндоскоптар зерттелетін мүшенің атымен аталады: гастроскоп, бронхоскоп, цистоскоп, колоноскоп, ректороманоскоп, лапоросоп. Олардың мүшеге қарай айырмашылығы болады: ұзындығы, жуандығы, бірақ принципі бірдей.
Эндоскопияның диагностикалық маңызы өте зор, өйткені мүшенің ішкі шырышты қабатын тікелей көру болады, одағы өзгерістерді және патологиялық ошақтан гистологиялық зерттеуге ұлпадан шымшып алу /биопсия/ және фотосүретке түсіріп алу болады.
Эндоскопия диагностикалық және емдеу мақсатымен жүргізіледі.
Емдеу мақсатымен: эндоскоп арқылы бөгде заттарды, полип, кисталарды кесіп алу болады, ойық жараларды күйдіру немесе тікелей дәрі еңгізу, жағу болады. Эндоскопиядан кейін пациентті бақылау керек.
Зерттеуді мына жағдайларда жүргізу болмайды: психикалық аурулар, миокард инфарктісі /жедел кезеңі/, инсулинге тәуелді қант диабеті, ВИЧ-инфекция.

Эндоскопиялық зерттеуге науқасты дайындау.

Бронхоскопияны ашқарынға жүргізеді және зерттеу алдында седативті дәрі ішкізеді, ол пациентті тыныштандырады да зерттеу жеңіл өтеді.


Гастроскопия ашқарынға жүргізіледі.
Колоноскопиямен ректороманоскопияның алдында кешкісін және ертенгісін тазалау клизмасын жасайды. Колоноскопияның алдында мовоприп: 2 пачки бір литр суға ерітіп ішіп алу 3 сағаттан кейін қайталау, немесе дюфалак (қант дибетінде болмайды). Цистоскопияның алдында қуыққа зарарсыздандыратын ерітінді еңгізіледі.
Лапороскопия операционды бөлмеде жүргізіледі. Алдымен іш қуысына ауа еңгізіледі /пневмоперитонеум/ сонаң кейін троакармен іштің алдынғы қабатын тесіп, сол тесіқ арқылы лапороскопты кіргізіп қарайды. Науқасқа барлық эндоскопиялық зерттеулердің алдында процедураны түсіндіріп, тыныштандыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет