Несептің жалпы анализі
Несептің мөлшері 150-200 мл.
Несептің мөлдірлігі толық.
Несептің түсі сары сабан түсті.
Несептің иісі өзіне тән онша өткір емес болады.
Несептің реакциясы әлсіз қышқыл болады.
Несептің салыстырмалы тығыздығы 1003 тен 1026 дейін болады, ол несептегі әр түрлі еріген заттардың концентрациясынан тәуелді болады.
Несепті химиялық зерттеу. Қалыпты жағдайда несепте ақуыз, өт пигменттері, глюкоза (қант) анықталмайды.
Несеп тұнбасын микроскопиялық зерттеу.
Жалпақ эпителий көру алаңында 1-2 болады.
Эритроциттер қалыпты жағдайда кездеспеу керек, анықталса - гематурия.
Лейкоциттер көру алаңында 3-5 болады, 8 ден көп емес.
Тұздар – анықталмайды.
Нечипоренко әдісі бойынша зәрді зерттеу.
Нечипоренко сынамалы тәсілі бойынша ертеңгі дәреттің ортаңғы бөлігі алынады, 1 мл несепте: эр. - 1000. лейкоцит - 4000, гиалин цилиндрі – 220 есептейміз.
Функциональды әдістер.
Зимницкий әдісімен бүйректің қызметін анықтау үшін несепті тексереді, бір тәулік бойы 3 сағат сайын, тәуліктік диурезді 8 рет бөліп жинап (4 рет күндіз, 4 рет түнде), әр байқаудың мөлшерімен салыстырмалы тығыздығы анықталады. Зерттейтін күні ішетін сүйықтығы 1-2 литрден аспау керек.
Несепті қантқа жиыстыру.
Мақсаты: Несепте глюкоза бар жоғын анықтау.
Таңғы сағат 6-да қуығын босатуын сұрайды (ол есепке алынбайды). Келесі несеп тәулік бойы жиналады (келесі таңғы сағат 6-ға дейін). Келесі күні жалпы жиналған несепті өлшеп, араластырып, 100 мл ыдысқа құйып алып, жолдаманы ыдысқа жапсырып, зертханаға жіберіледі.
Зәрді глюкозуриялық профильге жинау.
Мақсаты: диагностикалық, несептегі қанттың (глюкоза) мөлшерін анықтау.
Қуықты түнгі зәрден 600 босатып, 1-ші порцияны сағ 600 сағат 1400 дейін жинау
Екінші порцияны сағат 1400 сағат 2200 дейін;
Үшінші порцияны сағат 2200 сағат 600 дейін жинайды;
Келесі күні жиналған несепті өлшеп, араластырып, әр ыдыстан 100 мл құйып алып, мөлшерін белгілеп, жолдаманы ыдыстарға жапсырып, зертханаға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |