Қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жинау.
Қақырықты 2 аптадан артық жөтелген науқастан 3 рет байқауға, тексеруге жіберіледі.
Бірінші байқау: Сырқат ауруханаға бірінші рет шағым білдіріп келгенде. Қақырық сол күні мед. қызметкерінің бақылауымен жиналады. Қақырық бөтен адамдарсыз, мед. қызметкерінің бақылаумен, ашық ауада, егер жағдай жоқ болса, жақсы желдететін бөлмеде (ішінде желдеткіш, кварц лампасы бар) жүргізіледі. Келесі күнге сырқатқа ыдыс беріледі.
Екінші байқау: Қақырық келесі күні таңертен үйқыдан оянғанда, үйде жиналады, лабораторияға жеткізіледі.
Үшінші байқау: Қақырық сол күні зертханада мед. қызметкерінің бақылауымен жиналады.
Асқазан сөлін зерттеу.
Асқазан сөлі - түссіз, мөлдір, реакциясы қышқыл сүйықтық, құрамына тұз қышқылы, протеаза және басқада заттар кіреді.
Бос қышқылдық /тұз қышқылы/ - асқазанда водород, хлор иондары түрінде болады.-20-40 ТЕ /титрационды единица/.
Байланған қышқылдық - бұл тұз қышқылының ақуыз молекуласымен байланған түрі: 10 -20 ТЕ.
Жалпы қышқылдық- барлық қышқылдар - 40-60 ТЕ.
Асқазан сөлінің физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда иісі болмайды немесе әлсіз қышқыл. Түсі - мөлдір, түссіз. Ауыз қуысынан түскен аз мөлшерде шырыш кездеседі.
Микроскопиялық зерттеуі: микроскоп арқылы эпителиальды клеткалар, лейкоциттер, тамақ қалдықтары, атипті клеткалар/АК/ анықталады, АК - бұл қатерлі ісіктің клеткалары, асқазан рагінде кездеседі.
Аспаптармен зерттеу әдістері
Рентгенологиялық зерттеу әдістер
Бұл әдіс рентген сәулелерінің толқындарының кіші ұзындығына және ұлпалардан өтуіне негізделген. Рентген сәулелері металлдан нашар өтеді әсіресе қорғасыннан (сондықтан рентгенологтарға одан қолғап, алжапқыштар жасалынады) рентген сәулелер адамнан әр түрлі өтеді: сүйектен бұлшық еттерге қарағанда және бауыр мен жүректен, өкпеге қарағанда аз сәуле өтеді.
Рентген аппарат рентген түтікшесімен экраннан құралған. Рентген түтікшесінен тоқ жүргізгенде рентген сәулелері пайда болып бейне қағазына түсіп одағы күмыс бромиді ыдырап өткен жердің бейнесі қағазға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |