Қан ағу уақыты - 2-5 мин тромбоцитопенияларда, геморрагиялық синдромда ұзарады, гемофилияда қалыпты немесе кішкене ұзарады.
Қан ұюы уақыты - 6-8 мин, гемофилияда ұзарады
Қан ағу уақытын анықтау
Мақсаты: гемостаздын көрсеткіштерін анықтау
Жүргізу әрекеті: Қанды сол қолдың саусағынан алады. Спиртке малынған мақта шаригімен саусақты өңдеп болған соң, залалсыз ланцетпен 4-ші саусақты тесу қажет. Тесілген жерде қан өздігінен ағуы қажет. Тесілген жерді қысып қан шығаруға болмайды. Бірінші тамшыны құрғақ мақтамен сүртеді де, 30 секунд сайын салфетканы батырып отырады, қан тоқтаған уақыт қан ағу уақыты деп есептеледі. Ол 2 – 5 минутқа тең. Тромбоцитопения кезінде, тромбогеморрагиялық синдромның ауыр түрінде, гемофилия ауруы кезінде бұл көрсеткіш ұзарады.
Қанның ұю уақытын анықтау.
Мақсаты: гемостаздын көрсеткіштерін анықтау
Жүргізу іс әрекеті:Саусақты спиртпен өңдеген соң сол жерді инемен тесіп, алғашқы тамшыны спиртке малынған мақтамен сүртеді. Тамшыны шыныға тамызып, секундомерді қосу керек. 30 секунд сайын тамшының үстінен скарификатормен жүргізіп отыру керек, фибрин жіпшелері скарификаторға алғашқы ілінген уақытты ұюдың басы деп есептейді. Сол уақытты белгілеу керек. Екі минут өткен соң қан ұйи бастайды. Сол жерде ұйыған қан түйіршігі пайда болады. Бұл ұю процесінің соңы болып есептеледі. Бұл уақытты да белгілеу керек. Ұю процесінің басымен ұйыған қан түйіршігі пайда болған уақыт аралығы қанның ұю ұзақтығы деп атайды.
Қанды биохимиялық зерттеу әдісі
Биохимиялық зерттеуге қан ертенгісін ашқарынға 7 – 9 00 дейін көк тамырдан 7-10мл алынады, немесе тамақтан кейін 12 сағат өткенде 4 сағат қана сақталады, 40С-3-7тәулік.
Жалпы ақуыз - қанда 65-85г/л болады. Ақ уыз фракциялары: альбуминдер- 40-50 г/л
глобулиндер -20-30 г/л
Билирубин - 8,55-20,52мкмоль/л.
Холестерин қалыпты жағдайда 3,0-5,18ммоль/л атеросклерозда, қант диабетінде, ішімдікте, туберкулезде және т.б жағдайларда көтеріледі.
Глюкозаның мөлшері қалыпты жағдайда-3,5-5,7ммоль/л. Мөлшерінің көтерілуі-гипергликемия, азаюы- гипогликемия.
Амилаза - 16-30 г/сағ, панкреатит, перитонитте, бүйрек жетіспеушілігінде көтеріледі. Төмендейді- ұйқы безінің некрозінде, тиреотоксикозда, күйік ауруында.
Креатинин - ер адамдарда 44-97 мкмоль/л, әйелдерде 44-115мкмоль/л, бүйрек жетіспеушілігінде көтеріледі.
Мочевина - 2,5-8,32 ммоль/л, бүйрек ауруларында, подаграда көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |