Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Пациенттің ауруы мен өмірінің анамнезі



бет25/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Пациенттің ауруы мен өмірінің анамнезі

Аурудың басталу жағдайын анықтау өте қажетті. Жедел басталу жедел бронхитпен пневмонияда кездеседі. Плеврит біртіндеп басталады. Байқаусыз басталу және ұзақ ағым туберкулезбен өкпе рагына тән. Жедел аурулардың басталуы көбінесе салқын тиюмен байланысты, яғни эпидемиологиялық жағдайды анықтау қажет, мысалы: грипп эпидемиясында грипозды пневмония кездеседі.


Пациенттің әлеуметтік - тұрмыстық жағдайына көңіл бөлу керек. Қолайсыз жағдайлар туберкулез және басқа созылмалы ауруларға әсер береді. Аурудың дамуына еңбек ету жерде әсер береді: ызғар, шаң, суық. Мүқият бұрынғы ауырған ауруларын анықтау керек, қазіргі жағдайын солармен байланыстыру болады.


Объективті зерттеу.


Қарау. Кеуде сарайын бір ретпен қарау керек. Кеуде сарайының түрін, бұғана асты, үсті ойықтарың, тыныс алу түрлерін, ырғағын, тереңдігін анықтайды.
Кеуде сарайының қалыпты түрлері:

  1. Нормостениялық кеуде сарайы - нормостениктерде кездеседі.

  2. Гиперстениялық кеуде сарайы – гиперстениктерде кездеседі.

  3. Астениялық кеуде сарайы - астениктерде кездеседі.

Кеуде сарайының патологиялық түрлері:

  1. Эмфизематозды кеуде сарайы: алдыңғы - артқы және көлденең мөлшерлері бірдей болады, кеуде сарайы күбі сияқты үлкееді. Бұл түр атына сәйкес өкпе эмфиземасында кездеседі

  2. Салдылық кеуде сарайы (солған) - пневмосклерозда, кахексияда, туберкулезде кездеседі.

  3. Мешелдік (құс төсті) кеуде сарайы. Төс алдыға қарай шығыңқы болады, көлденең мөлшері кішірейген. Мешел ауруымен ауырған адамдарда кездеседі.

  4. Қайық төсті кеуде сарайы «етікші төсі», қысымның әсерінен төстің төменгі немесе жоғарғы бөлігі шұңқыр болады.

Кеуде сарайының деформациясы омыртқаның қисайғанында, кездеседі: сколиоз - омыртқа шетке қарай қисаяды, кифоз - омыртқа артқа қарай қисайып бүкір болады, лордоз - алдыға қарай, кифосколиоз - шетке және артқа қарай.
Кеуде сарайы түрінің өзгерісі қос жақты емес, бір жақты болуы мүмкін. Кеуденің бір жағының кішіреюі- пневмосклерозда. Кеуденің бір жағының ұлғаюы плевра қуысына ауа не сүйықтық жиналғаннан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет