Қақырыққа қан араласуы - қан қақыру деп атайды. Қан қақырудың негізгі себептері: өкпе туберкулезі, бронхоэктазия ауруы, өкпенің қатерлі ісіктері, өкпе абсцессі мен гангренасы, крупозды пневмония, өкпе инфарктісі, өкпеде қан іркілу (жүрек жетіспеушілігінде).
Өкпеден қан кету - қан кету жөтелмен байланысты болады, қанның түсі алқызыл және көпіріп турады.
Ентігу. Ентігу деп ауа жетпей кеуденің қысылғанын айтады. Бұл кезде демді алу жиілігі, тереңдігі және демалу ырғағы өзереді. Ентігу тыныс алу жүйесінің ауруларында ғана емес және жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларында, анемияда кездеседі Ентігу субъективті, объективті және аралас болады.
Субъективті ентігу - пациенттің ауа жетіспеуін сезу, бірақ объективті анықталмайды: невроз, истерияда, кейде радикулитте, метеоризмде кездеседі.
Объективті ентігу - зерттеу әдістермен анықталады, демалудың, ырғағы, тереңдігі және дем алу, дем шығару ұзындығы өзгереді. Инспираторлы ентігуде - дем алу қиындайды, экспираторлы ентігуде - дем шығару қиындайды, аралас ентігуде - дем алуда, шығаруда қиындайды, тыныс алу жүйесінің ауруларында кездеседі. Физиологиялық ентігу үлкен физикалық күш түскенде, психикалық қозуда. Патологиялық ентігу - тыныс алу жүйесінің және т.б. ауруларда кездеседі.
Демігу (тұншығу) - өте күшті асфиксияға дейін ентігу. Ұстамалы демігуді демікпе дейді: бронх демікпесі - бронхтың тарылуында, жүрек демікпесі- жүрек ауруларында, өкпе шеменінде кездеседі.
Кеуде тұсында ауырсыну: Қурғақ плевритте ауырсыну плевраның тітіркенуіне байланысты пайда болады. Жүректің ауруларында ауырсыну төстің артында болады.
Дене қызуының көтерілуі - өкпенің қабыну процесстерін білдіреді. Тұрақты қызба крупозды пневмонияның алғашқы күнінде кездеседі, титықтататын қызба -өкпе абсцессі ашылғанға дейінгі кезенде кездеседі, туберкулездің ауыр түрлерінде; субферильды- созылмалы бронхитте, туберкулезде, өкпе рагында.
Достарыңызбен бөлісу: |