Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Өкпе ауалылығының жоғарылау синдромы (эмфизема)



бет32/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Өкпе ауалылығының жоғарылау синдромы (эмфизема)
Өкпе ауалылығының жоғарылау синдромы (эмфизема) созылмалы обструктивтік бронхитте, бронхиалдық астмада, темекі көп шеккенде, бронхтарда және альвеолаларда қысымды үнемі жоғарылататын кейбір мамандарда кездеседі (үрлеме аспаптарда ойнайтын әртістер, шыны үрлейтін өндірісте). Өкпе эмфиземасында альвеолалардың эластикалық қасиетінің төмендеуіне, қысымның жоғарылауына байланысты альвеолалар кеңейеді, олардың қабырғасы жұқарып, жарылады. Бұл бірнеше альвеолалардың бір-бірімен қосылып, өкпе көпіршіктерінің тууына себеп болады. Альвеолалардың кеңуі мен өкпе көпіршіктерінің (булла) пайда болуы өкпе ауалылығын көбейтеді. Негізгі шағымы – экспираторлық демікпе. Қарағанда беті ісіңкі, цианоз, мойын веналары ісінеді, кеуде қуыс «бөшке» тәрізді, қабырғааралықтар кеңейеді, бұғана үсті және бұғана асты ойықтар тегістеледі. Перкуссияда – қорапша дыбыс, өкпенің төменгі шеттері төмен ығысады және қимылы шектеледі, аускультацияда – әлсіз везикулалық тыныс естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарылайды және анық болмайды, диагфрма төмен орналасады және қимылы шектеледі.


Ателектаз синдромы (компрессиялық, обтурациялық)
Ателектаз синдромы (өкпе ауасының азаюы синдромы) өкпе тінінің басылуынан қабыну инфильтрациясында (өкпенің тығыздалуы) және өкпеде дәнекер тіннің өрбіп өсуіне, бронхтардың бітелуіне байланысты дамиды.
Түрлері: обтурациялық ателектаз синдромы ірі бронхтың бітелуінен (бөгде дене, ісік, құсық және қанмен аспирациясы) және компрессиялық ателектаз синдромы өкпенің сырттан басылып, қысылуынан болады (эксудативтік плеврит, гидроторакс, пневмоторакс).
Обтурациялық ателектазда қарау кезінде өкпенің бір жақты семуі мен тыныс алуда қалыңқы болуы анықталады. Пальпацияда: дауыс дірілінің азаюы немесе жойылып кетуі болады. Перкуссияда: өкпе дыбысының әлсіреуі немесе тынық дыбыс анықталады.
Компрессиялық ателектазда кеуденің ауру жағы өсіңкі және тыныс алуы әлсірейді. Пальпацияда дауыс дірілі күшейеді, перкуссияда өкпе дыбысы бәсеңдеп, дабыл реңкілі болады, аускультацияда – бронх тынысы және бронхофония күшейгені анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет