Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Демігу ұстамасы (тұншығу)



бет35/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Демігу ұстамасы (тұншығу) ентігудің ең ауыр түрі. Жүрек ауруларында тұншығу ұстамасы жүректің сол жақ қарыншасының жедел әлсірегенің білдіріп, жүрек демікпесі деп (астмасы) аталады, яғни бронх демікпесінен ажырату керек.
Жүрек тұсының ауырсынуы әр түрлі себептерден болады. Төс артында және жүрек тұсында орналасса жүректің ишемиясын, инфарктті, миокардитті, перикардитті білдіреді. Ауырсыну кейде рефлекторлы болуы мүмкін, мысалы: қабырға аралық невралгияда, плевраның бұлшық еттердің зақымдануында, холециститте, асқазан ойық жарасында, омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозында, өнештің ауруларында және басқа жағдайларда.
Жүрек қағуы деп ауруы адамның өз жүрегінің соғуын сезуді айтады. Жүректің қағуы жүрек жиі жиырылғанда, тахикардияда пайда болады және қалыпты ырғақта да сезілуі мүмкін. Көбінесе жүрек нврозында кездеседі, сау адамдарда қобалжығанда, ішімдікте, кофе, шәй ішкеннен кейін, темекі тартқанда, айқын физикалық күш түскенде байқалады. Жүрек бір келкі қағуы мүмкін немесе ұстама түрінде - оны пароксизмальды тахикардия дейді.
Жүректің шалыс соғуы. Бұл жұректің ырғағының бұзылуына байланысты пациент жүректің тоқтап қалып қайта соғуын сезеді.
Жөтел жүрек ауруларында кіші қан айналым шеңберінде қан іркілудің нәтижесінде дамиды.
Қан қақыру. Кіші қан айналым шеңберінде қан қысымы көтерілгенде, ұсақ қан тамырлар жарылып, эритроциттер сыртқа альвеолаға шығуына байланысты науқас қан түкіреді.
Бас ауру – артериальды гипертензияда.
Ісінулер. Сұйықтықтың ұлпаларда және қуыстарда жиналуы.
Жүрегі зақымданған науқастарда үлкен қан айналым шеңберіне қан іркіліп ұлпаларға сары суы шығуына байланысты дамиды. Басында ісінулер кешкісін пайда болып ертенгісін тарап кетеді, жүрек жетіспеушілігі күшейген сайын ісінулер тұрақталады. Алғашында ісінулер аяқтың табанында пайда болып біртіндеп жоғарлайды. Дами келе ісіну сүйықтығы тер асты шелді ған қамтып қоймай, шырышты қабықты қуыстарға жинала бастайды. Оның іш қуысында жиналуы – асцит, плевра қуысында жиналуы - гидроторакс, перикард қуысында жиналуы –гидроперикад деп аталады. Ісінулердің кен тараған түрі, барлық денеге қамтуы – анасарка деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет