Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет36/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Диспепсиялық шағымдар. Іш қуысында қан айналым бұзылғанда пайда болады. Ас қорыту мүшелерінде қан іркілісі олардың қызметін бұзады. Жүрек әлсіздігінде қан алдымен бауырда іркіледі соңдықтан бауыры ұлғайып оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болады және осы шағымдар пайда болады: жүрек айну, құсу, тәбетінің төмендеуі, іштің кебуі, іш өту, іш қату.
Дене қызуының көтеріліу, терлегіштік - жүректің қабыну ауруларында болады.


Пациенттің ауруы мен өмірінің анамнезі
Дұрыс, толық жиналған анамнездің маңызы зор, ол пациенттің денсаулығы туралы көп мәлімет береді. Бала кезінен барлық ауырған аурулары туралы мәлімет жинау керек, әсіресе ревматизм, баспа (ангина), дифтерия, мерез, ауруларын анықтау керек, өйткені осы аурулар жүрек асқынуларына ұшыратады. Зиянды әдеттер, кәсіптік және тұрмыстық жағдайы туралы мәліметтер диагноз қоюға үлес қосады. Міндетті түрде жақын тұма туыстарының жүрек – тамыр жүйесінің аурулары туралы сұрау керек. Әйелдерден жүктілігі, босануы қалай өйткенің анықтау керек, өйткені осы кезде жүректің кейбір жасырынды ауруларының белгілері анық болады. Ер адамдарда жиі ишемия және гипертония ауруы кездеседі. Ревматизм ауруы әйелдер мен ер адамдарда бірдей кездеседі. Ал ревматизмнің нәтижесінен әйелдерде жиі митральді стеноз кездеседі.
Объективті тексеру


Жалпы қарау – науқас адамның жағдайын бағалау, жалпы қараудың диагноз қою үшін маңызы өте зор. Ол белгілі тәртіппен жүргізіледі.
Жүрек-тамыр жүйесі зақымданған пациенттер компенсация кезеңінде ешқандай шағым айтпайды, белсенді өмір сүреді. Анық дамыған жүрек жетіспеушілігінде амалсыз жағдайда болады, дем алуын жақсарту үшін басын жоғары көтеріп жатады. Жүрек тұсында ауырсыну, жағымсыз сезім, мазаламау үшін оң жағында жатады. Өте айқын дамыған жүрек жетіспеушілігінде пациенттер, амалсыз ортопноэ жағдайды қамтиды: төсекте немесе креслода аяғын төмен түсіріп, басына жастық қойып отырады. Жатайын десе тұншығу ұстамасы дамиды, соңдықтан олар апталап дұрыс ұйқысы қанбай осы жағдайда отыра береді.
Экссудативті перикардитте науқас амалсыз, жағдайын жақсарту үшін шынтақ – тізеге сүйеніп отырады. Стенокардия ұстамасында науқас тұрған күйінде қалшиып қатып қалатын жағдай жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет