Жүрек- тамыр жүйесі зақымданған пациенттерді тексеру
Шағымдары:
Ентігу (тұрақты, мезгілімен), тұншығу
Жүрек тұсында ауырсыну (ұзақтығы, орналасуы, иррадиация, пайда болу шарты)
Жүрек қағу, шалыс соғу
Аяқтарында ісінулер
Жөтелу, қан қақыру
Диспепсиялық шағымдар
|
Ауру анамнезі:
қауіпті факторлар
себептер
аурудың басталуы ж/е дамуы
емдеу
|
Өмір анамнезі:
Тұқым қуалаушылық
Зиянды әдеттері
Еңбек, тұрмыс жағдайы
Жүйке-психикалық күш түсу
Мамандық
Салқын тию
Жиі баспалар
|
Науқасты тікелей зерттеу:
|
Қарау
|
Пальпация
|
Перкуссия
|
Аускультация
|
тері цианозы
ентігу
ісінулер
веналардың ісінуі
мойын веналарының ісінуі
|
жүрек ұшының соққысы
пульс
|
жүректің шекарасы
бауырдың ұлғаюы
асцит
|
Жүрек ырғағы
Жүрек тондары
Жүрек шулары
|
Аспапты және лабораторлы зерттеу әдістері
|
1. Қанның жалпы анализі
2. Қан б/х: ақуыз, фибриноген, холестерин, СРБ, протромбинді индекс, трансаминазалар
3.Иммунологиялық зерттеу әдістері
Артериальды қысымды өлшеу
Рентгенологиялық зерттеулер /скопия,графия/
Сфигмография
ЭКГ
ФКГ
Жүректі ультрадыбыспен зерттеу /УДЗ/
Спирометрия
Эхокардиография
|
Ас қорыту жүйесі зақымданған пациенттерді
тексеру әдістері
Өңеш.
Сұрастыру арқылы келесі симптомдар анықталады.
Дисфагия – бұл өңеш арқылы тамақ өтудің бұзылуы, тамақты қиналып жұту мен тамақты жұта алмау. Бұл шағым негізінен өңештің тарылғанынан болады. Өңештің тарылу себептері органикалық және функциональды болып, екі топқа бөлінеді.
Органикалық себептер - қылтамақ, жедел және созылмалы эзофагит, өңештің күюі мен күйіктен кейін тыртықтануы және өңеш дивертикулы жатады.
Функциональды себептер - өңештің түйілуінен болады, өңештің бұлшық еттерінің инервациясы бұзылғанда немесе невроздарда. Функциональды дисфагия ұстамалы түрде болады, қою тамақ сұйық тамақтан жақсы өтеді.
Өңеш бойының ауырсынуы эзофагитке, өңештің күйгеніне тән. Ауырсыну жауырын аралығына қарай тарайды.
Құсу. Өңеш ауруларында құсу өңештің тарылғанынан болады. Қабылдаған тамақ өңештің тарылған бөлігінің жоғарғы жағында жиналып, құсу тамақ ішкеннен шамалы уақыттан кейін басталады. Құсар алдында жүрек айну болмайды. Өңеш құсығының көлемі 100 -200 мл ден аспайды, себебі одан көп көлемді тамақ өңешке симайды. Құсықтағы тамақ жұтқан күйіндегіндей өзгермеген болады, шіри бастаған белгі береді (шірік иісі болады). Құсықта тұз қышқылы және пепсин болмайды.
Сілекей ағу - эзофагитте, өнештің тыртықталып тарылуынан, қатерлі ісіктерде кездеседі.
Өнештен қан кету - өнеш венасының варикозды кенейгенінде, эзофагитте, қылтамақ жарақатында болады. Өнештен кеткен қанның түсі таза, құсуға байланысты болады.
Анамнез . Симптомдардың ұзықтылығын, даму ерекшеліктерің анықтау керек.
Объективті тексеру әдістердің өңеш ауруларында диагностикалық маңызы оңша емес. Қосымша зерттеу әдістерден - эзофагоскопия қолданылады, бірақ күйіген кезде болмайды. Жуынды суларды цитологиялық зерттеуге алады, биопсия жүргізіледі және рентгенологиялық зерттеулер қолданылады.
Асқазан
Сұрастыру. Асқазан ауруларының негізгі шағымдарына тәбеттің өзгеруі, іштің ауруы, жүрек айну, құсу, қан кету, кекіру және қыжылдау жатады.
Асқа тәбеттің өзгеруі. Тәбеттің өзгеріуне оның нашарлауы, болмауы, күшеюі жатады. Тәбеттің нашарлауы көбіне асқазанның кілегей қабығы зақымданғанда және оның секрециясы азайғанда болады ( гастрит , асқазан рагі). Асқазан секрециясы көбейсе тамаққа тәбетте күшееді (асқазанмен ұлтабар жарасы). Тәбеттің шамадан тыс күшеюі (араны ашылу) булемия деп аталады.
Тамақ емес заттарға құштарлық не бұрма тәбет ахилияда, анемияда кездеседі. Тағам емес заттарға (бор, көмір т.б) кұштарлық Асқазан обырымен ауыратын пациенттерде ет, балық тағамдарына жиіркену болады.
Кекірік. Асқазан ішіндегі ауа не тамақтың шамалы бөлігінің ауызға оралуын кекірік деп атайды. Қарындағы тамақ көп уақыт тұрып қалса, онда ол шіри бастайды, кекірік шіріген жұмыртқа иісін береді. Кекірген тамақтың қышқыл татуы асқазанда қышқылдықтың көбейгенінен, ащы болуы асқазанға өт оралғанда, ашыған маймен татуы асқазанда органикалық қышқылдар көбейсе, шірік дәм ауызға оралса - асқазанда тамақ ұзақ уақыт тұрып шіри бастағанды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |