Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет48/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Аритмия синдромы
Аритмия синдромы – жүрек бөлімдерінің жиырылу жиілігінің, ырғақтығының және реттілігінің бұзылуы.
Аритмия синдромын тудыратын себептер:

  1. Орталық жүйке жүйесінің функциональды және органикалық зақымданулары: стрестер, невроздар, ми-қаңқа жарақаттары, ісіктер ми қанайналымының бұзылыстары т.б.;

  2. Жүйкелік-рефлекторлық факторлар - омыртқа бұзылыстары;

  3. Миокардтың және жүрек қан-тамыр жүйесінің өзгерістері: жүректің ишемиялық ауруы және миокард инфаркты, миокардиттер, кардиомиопатиялар, жүрек ақаулары, ірі тамырлар бұзылыстары, артериалдық гипертензия, перикардиттер, жүрек ісіктері;

  4. Туа біткен өткізгіш жүйесінің анатомиялары;

  5. Электролиттік баланс бқзылыстары: калий, кальций және магний баланстарының;

  6. Бактериальды және кәсіптік улар әсері;

  7. Әдеттегі уланулар (алькаголь, никотин);

  8. Дәрілік препараттармен уланулар – жүрек гликозидтерімен, бетта-блокаторлармен, зәр айдағыштармен т.б.;

  9. Оттегі жетіспеушілігі;

  10. Эндокринопатиялар – тиреотоксикоз, феохромоцитома;

Осы факторлар жүректің автоматизм және өткізгіштік қасиеттерін бұзады. Жүректің автоматизм қасиеті бұзылыстарынан туатын аритмиялар: синустық тахикардиялар және брадикардиялар, синустық аритмия, синустық түйіннің әлсіздігі синдромы; эктопиялық комплекстер және ырғақтар ( экстрасистолиялар, пароксизмальды тахикардия); жүрек жыбыры және дірілі, қарыншалар дірілі және фибрилляциясы).
Жүректің өткізгіштік қасиеті бұзылыстарынан туатын аритмиялар: блокадарлар (синоаурикуляциярлық, жүрекшеішілік, атриовентрикулярлық, қарыншалар асистолиясы, Гис будасы тармақтарының), WPW – синдромы (Вольф-паркинсон-Уайт).
Аритмия айқындылығы негіңзгі аурудың ауырлығына сәйкес болмайды, диагностикасы ЭКГ бойынша жүргізіледі кейбір түрлері жедел көмек қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет