Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет60/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Аурудың анамнезі:

  1. аурудың басталуы

  2. аурудың себептері және жағдайлары

  3. аурудың ағымы

  4. тексеру және нәтиже

  5. будан бұрын жүргізілген емедеудің нәтижесі




Өмірінің анамнезі:

  1. тұқым қуалаушылық

  2. басынан кешірген аурулар

  3. тамақтануының ерекшеліктері/бала кезінен/

  4. зиянды әдеттері

  5. аллергиялық реакциялар




Пациентті тікелей тексеру

Қарау
1.жүдеу
2.терінің бозаруы, құрғақтығы, ерін бұрышының тілмесі
3.тілдің өзгеруі
4.метеоризм
5.демалуға іштің қатысуы
6.іштің терісінде венозды торлар

Пальпация

  1. асқазан

  2. ішек

  3. бауыр

  4. көк бауыр

  5. тік ішекті саусақпен тексеру

Аускультация

  1. іштің бүйірін, төменгі бөліктерін

  2. бауырды

  3. аускультацияда перистальтикалық шулар

Аспапты және лабораторлы зерттеу әдістері

  1. Жалпы қан анализі

  2. Копроцитограмма

  3. Ащ ішектің рентгеноскопиясы


  1. Ирригоскопия, графия

  2. Ректороманоскопия

6. Колоноскопия

Ұйқы безі сырқаттанған пациенттерді тексеру әдістері.


Жоспары:

  1. Сұрастыру, шағымдары

  2. Анамнез

  3. Пальпация

  4. Перкуссия

  5. Аускультация

  6. Схема

Сұрастыру.


Шағымдары: Ұйқы безі сырқаттанған науқастардың негізгі шағымдарына іштің ауырсынуы, диспепсиялық өзгерістер, сарғаю, жалпы әлсіздік және жүдеу жатады.
Ауырсыну ұзақтығы және сипаттамасы бойынша әр түрлі болады.
Калькулезді панкреатитте ауырсыну ұстама түрінде майлы тамақтан кейін 3-4 сағат өткенде эпигастрий немесе сол жақ қабырға астында басталып арқаға беріледі. Ауырсыну өте күшті спазмолитиктерден ғана басылады.
Жедел панкреатитте ауырсыну өте күшті, кенеттен басталып бір неше күнге дейін созылады және іштің сол жақ қабырға астында орналасып белдік тәріздес айналдыра ауырады.
Ұйықы безінің қатерлі ісігіндегі ауырсыну өте күшті және ұзақ болады.
Созылмалы панкреатитте ауырсыну сыздаған болады, майлы тамақтан кейін күшейіп, аш қарында басылады.
Диспепсиялық шағымдар - бұл жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, метеоризм, ықылық тию, іштің өтуі: нәжіс сүйықтау, майланып, жылтыраған, өте жағымсыз иісті болады. Жүрек айну және құсу көбінесе жедел панкреатитте кездеседі. Құсу көп мөлшерде бір неше рет қайталанып болады, бірақ науқастың жағдайы одан жақсармайды, кейде қан талшықтары кездеседі.
Сарғаю: үлкейген ұйқы безінің басы өт қабының түтікшелерін қысып қалып, өт ішекке өтпей қалып, қанға сініп, адам сарғаяды.
Ұйқы безінің сөлі бөлінбегендіктен тағам қорытылмай науқастар тез жүдеп, әлсірейді, терісі құрғақтанады. Ұйқы безінің ішкі секреция қызметі бұзылғанда науқаста шөлдеу, бас айналу, талып қалу мүмкін.


Анамнез. Пациентті сурастырғанда ерекше көңілді тамақтануына, әсіресе майлы тамақты көп мөл шерде қолдануына және тамақтану уақытына аударады. Яғни ішімдік,нашақорлық,созылмалы холецистит туралы сұрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет