Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет63/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Диспепсиялық шағымдар: тәбеттің нашарлауы, ауызда ащы дәм болу, кекіру, жүрек айну, құсу, қатпа не іш өту, іш кебу, іштің құрылдауы. Бұл шағымдар ас қорыту жүйесінің басқада мүшелерінің ауруларында кездеседі.
Қызу көтерілу өт қабының және өт жолдарының қабынуында, бауыр абсцессінде, рагінда, белсенді гепатитте байқалады.
Тері қышымасы терідегі нерв талшықтарының қанда көбейген өт қышқылымен тітіркенуіне байланысты пайда болады. Қалыпты жағдайда өт қышқылы бауырдан өтке бөлініп шығады. Өт қышқылдарының қанға өтуі сарғаюдың механикалық, сирегірек паренхиматозды түрлерінде кездеседі, кейде сарғаю алдында басталады және қышу өте тұрақты болып түнге қарай күшейіп отырады.
Сарғаю - терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сары түске айналуы, қанда жинақталған өт пигменттерімен боялғаннан дамиды. Сарғаю тез не баяу дамуы мүмкін.


Ауру анамнезі. Әр пациенттен қазіргі ауруы бұрында ауырған ауруларымен байланысты ма деп анықталады, бауырға байланысты осы жағдайлар туралы сурау керек: сарғаю, бауыр шаншуы, көк бауырдың үлкеюі, тері қышымасы.
Өмір анамнезі. Пациентті тамақтануы туралы сұрау керек, қалай тамақтанады, майлы тамақтың, дәрілік препараттардың жағуын, жақпауын.
Өмір анамнезді схема бойынша (берілген) сурап, қосымша осыны анықтау керек: вирусты гепатитпен, безгекпен, іш сүзегімен, холециститпен, асқорту жүйенің ауруларымен ауырғанба және қант диабетімен ауырама. Бұрында қандай дәрілерді ұзақ қабылдады, алкоголь бейімділігі, жақын тума-туыстарының денсаулығы да диагноз қоюға үлес қосады.


Объективті зерттеу.
Біріншіден қараған кезде науқастың жалпы жағдайына көңіл бөлу керек. Бауыр жетіспеушілігінде науқастың жағдайы орташа ауырдан, ауыр ж/е өте ауырға ауысады. Ең соңында бұл ауруларда кома дамиды.
Бауыр жетіспеушілігінде науқастың есінің бұзылуы: қозу, эйфория немесе тежелу, ступор және кома. Бауыр комасын гепатаргия деп атайды. Бауыр және өт жолдарының аурулары гиперстениялы типті адамдарда жиірек кездеседі. Науқастың өте жүдеуі және кахексияға дейін жүдеуі бауыр циррозында, бауыр мен өт жолдарының қатерлі ісіктерінде байқалады.
Терімен шырышты қабаттарды қарағанда ең жиі кездесетін белгіге сарғаю жатады, сарғаю ең әуелі көздің склерасында, жұмсақ таңдайда және тіл астында пайда болады, кейін алақан мен табанда, ең соңында барлық дене сарғаяды. Кейде терінің бозаруын байқау болады, варикозды кеңіген веналардан қан кету, теріде қасыған іздер, «тамыр жұлдызшалары», петехиальді бөртпелер және тері астына қан құюлар байқалады.
«Тамыр жұлдызшалары» - тері бетінен аздап көтеріліп, пульсация беріп тұратын ангиомалар. Олардың айналасында күн сәулесі сияқты, тамыр тармақтары кетеді, диаметрі түйреуіштің басынан 1 см-ға дейін болады. Көбінесе мойында, бетте, иықта, алақан сыртында, арқада. Бауыр жетіспеушілігінде, күлгін түсті табанды, алақанның тенор и гипотенор аймағын көру болады, бұл алақандарды «бауыр алақаны» деп атайды. Ауызды қарағанда ойық жаралар және алқызыл таң қурай түсті беті тегістелген тілді көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет