Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет64/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Ішті қарау. Іштің үлкейгені метеоризмде немесе асцитта кездеседі. Асциттан үлкейген ішті семіруден ажырату болады. Тік тұрғанда асцит кезінде кіндік шығып кетеді, ал семіздікте ішке қарай тартылып тұрады. Асцитта іштің алдыңғы қабырғасында тері асты веналардың кеңігені байқалады. Олар төменнен жоғарыға қарай көтеріледі. Бұл коллатеральді қан айналым. Бауыр арқылы қан өтудің қиындауынан қан коллатеральдар арқылы төменгі қуысты венаға құйылады. Қарағанда оң жақ қабырға астынын көтеріңкі болуын көру болады, ол бауырдың үлкейгені. Көк бауыр үлкейсе онда сол жақ қабырға асты көтеріңкі болады.


Пальпация. Бауыр ауруларында беткей пальпацияда оң жақ қабырға астында және эпигастральді аймақта ауырсыну байқалады. Бауырдың терең пальпациясы Образцов-Стражеско әдісімен жүргізіледі. Дәрігер науқастың оң жағында бетіне қарсы қарап отырады. Сол қолдың төрт саусағын оң жақ бел аймағының астына жібередіде, бас бармағымен қабырға иінімен бүйірден және алдынан қысады. Оң қолды қабырға иінінен төмен оң жақ буғана ортасы сызық бойына іштің үстіне орналастырады. Оң қол саусақтары аздап бүгілген болу керек. Демді сыртқа шығарған кезде оң қол саусақтарын іш қуысының ішіне аздап суғадыда, науқастың терең дем алуын сурайды. Бұл кезде бауырдың төменгі шеті төмен жылжып саусақтарға келіп оларға тиіп өтеді. Қолдар қозғалмай бір неше рет қайталап тексеріледі, осы әдіспен бауырдың физикалық қасиеттері анықталады (жұмсақ, тығыз, сүйірленген, жұмырланған, тегіс немесе кедір – бұдыр), қалыпты жағдайда бауырдың шеті қабырға иінінен 1-2 төмен түсіп турады, сүйір болып келеді, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс.
Асцитта іш қуысына сүйықтық жиналғанда бауыр шетін анықтау үшін түртпе пальпациясын қолданады, оң қолдың төрт саусағымен, не екі қолмен іштің алдыңғы қабырғасын жоғарыдан төмен қарай түртіп тексереді.Түрткен кезде бауыр саусақтарға қатты болып тиіп төмен батып кетеді. Кейін сүйықтық бетіне қалқып шығып саусақтардың ұшына қайтып келіп урады.
Өт қабының пальпациясы. Өт қабын пальпация тәсілімен тексергенде бауыр пальпациясындағы ерекшеліктерді сақтау керек. Пальпация жасайтын қолды буырдан төмен құрсақтың тік бұлшық етінің сыртқы шетін ала орналастыру керек. Қалыпты жағдайда өт қабы, бауыр шетінен 1-1,2см ден артық төмен түспейді және оның тығыздығы іш қабырғасының тығыздығынан артық емес, сондықтан сау адамда өт қабын пальпация жолымен анықтау мүмкін емес. Өт қабын тек оның кеңігенінде ғана анықтауға болады.


Перкуссия. Бауыр перкуссиясында Курлов тәсілімен шекарасын анықтау.
Қалыпты жағдайда жоғарғы шекарасы төс жанындағы сызықпен V қабырға түсінің шетінде, бұғана орта сызығымен VІ қабырғаның үстінде, оң жақ алдынғы қолтық асты сызығымен VІІ қабырға үстінде (оң жақ өкпенің төменгі шегарасына сай келеді).
Бауыр көбіне төмен қарай үлкееді, сондықтан төменгі шекараны анықтау қажетті болады.Бауырдың төменгі шегін дабыл дыбысының тынық дыбысқа аусқан жеріне қарай төменнен жоғары анықтайды. Бауырдың төменгі шегін де көрсетілген белгі сызықтар бойымен анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет