Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Тыныс алу жетіспеушілігі синдромы (жедел және созылмалы)



бет63/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
03.06.20 Таңдау пәні тапсырма, 10 сынып IT маман, 10 сынып IT маман
Тыныс алу жетіспеушілігі синдромы (жедел және созылмалы)

Гипоксемия (оттегінің азаюы) және гиперкапния (көміртек тотығының көбеюі) дамығанда немесе қанның газды құрамын қалыпты деңгейде сақтау үшін тыныс мүшелерінің және жүрек қызметі күшейіп тыныс жетіспеушілігі дамиды.

Негізгі себептері: тыныс жүйесінің аурулары.



Этиологиясына байланысты түрлері:

  • Обструктивтік – бронх өзегінің тарылуы ( бронхит, бронхиалдық астма, кеңірдектің және ірі бронхтардың тарылуы немесе қысылуы, мысалы імікпен, т.б. );

  • Рестриктивтік (шектеулі) – өкпенің кеңеюге және кішіреюге қабілетінің шектелуіне байланысты дамиды ( пневмосклероз, гидро- немесе пневмоторакс, плевра беттерінің бір-біріне жабысуы, кифосколиоз, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі, қабырға қозғалуының шектелуі т.б.);

  • Аралас ( қосарласқан) – обструктивтік және рестриктивтік түрлерінің белгілерінің қосарлануы, жиі біреуінің белгілері басымдау болады, ағымы ұзақ өкпе жүрек ауруларында кездеседі.

Негізгі шағымдар – демікпе, цианоз, кеш сатыларында жүрек жетіспеушілігі қосылса ісіктер пайда болады.

Тыныс жетіспеушілігінің түрлері: жедел (бронхиалдық астма ұстамасында, крупозды пневманияда, спонтанды пневмоторакста) және созылмалы.

Оның ауырлығына қарай 3 дәрежесін ажыратады:

1 дәрежесі – демікпе науқасқа сәл ғана немесе біршама күш түскенде пайда болады.

2 дәрежесі - демікпе шамалы күш түскенде пайда болады. Функционалды тексеруде көрсеткіштердің қалыпты мөлшерден ауытқулары анықталады.

3 дәрежесі – демікпе мен цианозды науқастың жай тыныш күйінде анықтауға болады. Функционалды тексеруде көрсеткіштердің терең өзгерістері байқалады.

Өкпенің созылмалы ауруларында дамитын тыныс жетіспеушілігінің 3 сатысын бөледі: жасырын өкпелік, айқын өкпелік, және өкпе-жүрек жетіспеушілігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет