Іш өту немесе диарея - үлкен дәретке жиі отыру және үлкен дәреттің сұйықталуы. Қалыпты үлкен дәретке отыру тәулігіне 1-2 рет болады. Тәуліктік нәжістің салмағы 100–200 гр аспайды. Диареяда дәретке отыру жиілігі тәулігіне 2 реттен, ал нәжіс салмағы 200 гр асып кетеді.
Іш өту тоқ ішектің қозғалыс және секрециялық функциясының бұзылғанынан болады. Қалыпты жағдайда қарыннан шыққан тамақ тоқ ішекке 1- 4 сағаттан кейін жетеді, ал барлық тоқ ішек бойын 20-24 сағатта жүріп өтеді. Тоқ ішек функциясы бұзылғанда немесе іш өткенде қабылданған тағам сыртқа 3-4 сағаттан кейін шығуы мүмкін.
Іш өтудің себептері:
инфекциялар (сальмонеллез, бактериальды, дизентерия, лямблиоз, ішек құрттары)
алиментарлы (аллергия, токсикоинфекциялар, көп мөлшерде және тез тамақ ішу, толық шайнамау)
диспепсия әсерінен: ас қорытудың бұзылуы - ахилия, ферменттердің жетіспеуі
авитаминоздар, дистрофиялар
медикаментозды- антибиотиктерден дисбактериоз дамиды
неврогенды
екіншілік - дизентерияда, колитте, ішек ісіктерінде.
Іш қату, қатпа – 48 сағаттан артық үлкен дәретке отырмау және нәжістің консистенциясының өте қатты болуы.
Қатпа ішек ішіндегі тамақ қалдықтарының баяу қозғалысынан болады. Тамақ құрамындағы сұйықтықтың қанға сіңіп, нәжістің қатаюына әкеліп соқтырады, оның себептері: - Ішек бойында кездесетін механикалық кедергілер
- Ішектің қозғалыс функциясының бұзылуы
- Ішек ішіндегі тағамның жеткіліксіз мөлшерде болуы
Достарыңызбен бөлісу: |