Перкуссия: Диагностикалық маңыз бермейді.
Аускультация. Ішектің қозғалыс функциясын зерттейді. Тамақ ішкеннен кейін 7-8 сағаттан кейін ішекте ырғақты ішек шулары естіледі, оны перистальтика дейді. Ішек түйілуінде өте дауысты, ал ішек параличінде естілмейді. Перитонитте іш пердесінің үйкелес шуын есту болады.
Асқорыту жүйесі ауруларының синдромдары
Дисфагия синдромы
Ауыз қуысы, жұтқыншақ және өңеш арқылы тағам өтуінің қиындауы.
Симптомдары:
Лоқсу;
Жүрек айнуысыз өзгермеген тағамды құсу (асқазан сөлі араласпаған – өңештің екіншілік кеңеюінен);
Сілекей бөлінуінің көбеюі;
Ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |