Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Іштің алдыңғы қабырғасының аймақтары және оларға тән мүшелері



бет99/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Іштің алдыңғы қабырғасының аймақтары және оларға тән мүшелері.


Аймақтар

Мүшелер

1. Эпигастральды

Асқазан

2. оң жақ қабырға асты

Бауыр

3. сол жақ қабырға асты

Көк бауыр

4. кіндік аймағы

Аш ішек, көлденең тоқ ішек

5. оң жақ бүйірі

өрмелеу тоқ ішегі

6. сол жақ бүйірі

Төмендеу тоқ ішегі

7. қасаға үсті

Қуық, жатыр

8. оң жақ мықын аймағы

Аппендикс, соқыр ішек

9. сол жақ мықын аймағы

Қийма тәріздес ішек


Өңеш, асқазан патологиясымен пациенттерді зерттеу



Шағымдары:

  1. ауырсыну/мінездемесі/

  2. тәбеті 8. Іш өту/нәжістің түрі/

  3. жүрек айну 9. Іш қату

  4. лоқсу 10. Жұтынудың бұзылуы

  5. құсу 11. Іштің кебуі

  6. кекіру 12. Арықтау, жүдеу

  7. Қыжылдау/неден кейін/ 13. Нәжістің түсі




Аурудың анамнезі

  1. қауіпті факторлар

  2. аурудың себебі және басталуы

  3. аурудың даму динамикасы

  4. тексеру мәліметтері

  5. емдеу/емдеудің нәтижесі/


Өмірдің анамнезі:

  1. тұқым қуалаушылық 6. Ұлану интоксикациясы

  2. зиянды әдеттер 7. Ұзақ уақыт дәрілерді қабылдау

  3. тамақтану 8. Аллергиялық реакциялар

  4. тұрмыс жағдайы

  5. мамандығы


Науқасты тікелей қарау

Қарау

Пальпация

Перкуссия

  1. дене салмағының төмендеуі

  2. тілдің өзгеруі

  3. графикалық бұзылыстар

  4. іштің түрі

  5. терінің түсі

  1. асқазан

  2. ішек

  3. бауыр

  4. көк бауыр

  5. тері тургоры

Іштің бүйірі



Аспаптық және зертханалық зерттеу әдістері

Өңеш

  1. Жалпы қан анализі

  2. Эзофагоскопия

  3. Рентгеноскопия

Асқазан

  1. жалпы қан анализі

  2. асқазан секрециясының фракционды зерттеуі/ацидометрия/

  3. ФГДС

  4. Асқазан рентгеноскопиясы

  5. Биоптаттарды морфологиялық зерттеу


Ішегі сырқаттанған пациенттерді тексеру әдістері
Сұрастыру.

Шағымдары: Ішек ауруларында негізгі шағымдар: ішек бойының ауырсынуы, метеоризм, ішектің қимылдауының бұзылыстары (іш қату және өту), ішектен қан кету.



Ішек бойының ауырсынуы көбінесе асқазан ауруларындағы іштің ауырсынуына ұқсас болады. Соңдықтан оларды бір - бірінен айыра білудің маңызы зор:

- тамақ қабылдауымен байланысы аса жоқ

- үлкен дәретке отыруға байланысты болады, олар не дәретке отырған мезгілде, не отырмас бұрын, не дәреттен кейін болады

- ішек аурулары дефекациядан кейін газ, кеткеннен кейін анағурлым бәсенсиді, не қойып кетеді.

Ішектің ауырсынулары ұстамалы түрде болады, өте тез пайда болып, кенеттен тез жойылып кетеді, ауырсынудың орны ауырған ішектің орнына сәйкес келмейді, бірақта көбінесе кіндік түбінде болады, ішектің қабынуында ауырсыну сыздаған, ұзақ уақытқа созылатын болады. Іш пердесі қабынған кезде, іштің бұлшық еттері тітіркеніп жиырылады.

Ауырсынудың орналасуы:


  • Оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну - аппендицитте, ішек туберкулезінде, соқыр ішектің қабынуында/тифлит/, аналық бездердің қабынуында болады.

  • Кіндік аймағындағы ауырсыну - ащ ішек және көлденең орналасқан тоқ ішектің қабынуында болады.

  • Сол жақ мықын аймағындағы ауырсыну ішектің түйілуінде және қийма тәріздес ішектің қабынуында болады /сигмоидит/.

  • Шат аймағындағы ауырсыну, әсіресе дефекациямен байланысты тік ішектің ауыруларын және қатерлі ісігін, геморройды, проктитті, тік ішек тілмесін білдіреді.

Тенезм - үлкен дәретке жиі отырып, және дәрет кезінде тік ішектің, әсіресе сфинктердің түйіліп ауруын айтады. Тенезм көбінесе дизентерия ауруында байқалады.

Метеоризм – ішектегі газ көбейгендіктен қарын мен ішектің кебуі.

Метеоризмнің себептері:



  • тамақ пен газ жүруге кедергілер (ішек ісігі, тонусының төмендеуі, инвагинациясы, оралуы, айналып кетуі)

  • көп мөлшерде өсімдік клетчатка қабылдағанда/бұршақ,капуста, фасоль,горох/

  • ішек қабырғасының газ сіндіру процесстерінің төмендеуі

  • аэрофагия - өте көп ауа жутып жіберу

  • истериялық метеоризм - психиканың өзгеруіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет