Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Кеуде сарайының пальпациясы



бет51/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Кеуде сарайының пальпациясы. Кеудені сипап тексергенде: кеуденің ауыратын жерлерін, эластикалық (серпінділік) қасиетін, дауыс дірілінің өзгерістерін анықтайды.

Пальпация екі қолмен симметриялық жерлерде жүргізіледі. Бұл әдіспен кеуде сарайының бір жағының дем алудан қалыңқырауын, эпигастральды бұрыштың еңін, ауырсынудың орналасуын және оның тарауын анықтау болады. Пальпациямен плевраның үйкелес шуыда естіледі және құрғақ сырылдар, сынған қабырғалар анықталады.



Дауыс дірілін анықтау. Пальпация әдісімен анықталады . Бұл мақсатпен екі алақанды симметриялық жерлерге қойып «р» әрібі бар бір неше сөз айтқызады, мысалы : «тридцать три». Қалыпты жағдайда кеуде сарайының екі жағындағы симметриялы нүктелерде дауыс дірілінің күші бірдей болады. Егер бұл симметриялық бұзылса, ол ауруды білдіреді. Патологиялық жағдайда дауыс дірілінің күшеюі - өкпе бөлігі тығызданғанда, әлсіреуі - плевра қуысында сүйықтық немесе ауа жиналған кезде, жойылып кетуі - өте әлсіреген адамдарда және плевра қуысында өте көп сұйықтық жиналғанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет