Жүректің шалыс соғуы. Бұл жұректің ырғағының бұзылуына байланысты пациент жүректің тоқтап қалып қайта соғуын сезеді.
Жөтел жүрек ауруларында кіші қан айналым шеңберінде қан іркілудің нәтижесінде дамиды.
Қан қақыру. Кіші қан айналым шеңберінде қан қысымы көтерілгенде, ұсақ қан тамырлар жарылып, эритроциттер сыртқа альвеолаға шығуына байланысты науқас қан түкіреді.
Бас ауру – артериальды гипертензияда.
Ісінулер. Сұйықтықтың ұлпаларда және қуыстарда жиналуы.
Жүрегі зақымданған науқастарда үлкен қан айналым шеңберіне қан іркіліп ұлпаларға сары суы шығуына байланысты дамиды. Басында ісінулер кешкісін пайда болып ертенгісін тарап кетеді, жүрек жетіспеушілігі күшейген сайын ісінулер тұрақталады. Алғашында ісінулер аяқтың табанында пайда болып біртіндеп жоғарлайды. Дами келе ісіну сүйықтығы тер асты шелді ған қамтып қоймай, шырышты қабықты қуыстарға жинала бастайды. Оның іш қуысында жиналуы – асцит, плевра қуысында жиналуы - гидроторакс, перикард қуысында жиналуы –гидроперикад деп аталады. Ісінулердің кен тараған түрі, барлық денеге қамтуы – анасарка деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |