Жүрек перкуссиясы
Жүрек тығыз мүшелерге жататындықтан перкуссияда тынық дыбыс береді. Перкуссия тәсілімен жүректің кеуде сарайының алдыңғы бетіне түсетін проекциясын анықтайды. Жүректің кеуде сарайының алдынғы жағында жатқан бөлшегінің бір шамасы өкпе шеттерімен жабулы. Оның тек кішкене аймағы өкпе шеттерімен жабылмайды. Жүректің өкпемен жабылмаған жері перкусия кезінде тынық дыбыс береді, оны жүректің абсолютті тығыздығы дейді.
Жүректің өкпемен жабылып жатқан шет жақтары перкусия кезінде өкпе дыбысын тудырады - шала тұйықталған дыбыс, оны жүректің шартты тығыздығы дейді.
Жүректің шартты тығыздығын анықтау. Жүректің шартты тығыздығы - жүректің ақиқат көлемі. Перкусия қабырға аралықтар бойы жүргізіледі. Саусақ – плесиметр анықталатын шекараға паралельді орналасу керек, өкпе ұлпасынаң жүрекке қарай тықылдату әдісімен анықталады, өкпе дыбысы төмендеп, шала тұйық дыбыс естілген жерде шекара белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |