Автор құқығы, авторлық құқықты қорғау Автор тірі кезінде тек өзі немесе заңды өкілі ғана бұзылған немесе даулы құқықты қорғауға құқығы бар. Қос авторлықта кез келген автор немесе авторладың біреу туындыны қорғау құқығына ие. Егер қос авторлар туындыға байланысты құқықтық қорғауды жүзеге асыруды бір ғана авторға тапсырған болса, сол автор барлық авторлардың атынан әрекет жасайды. Белгілі бір жағдайларда ғана мемлекет авторлық құқық субъектісі болып саналады. Мысалы: авторлық құқықты еріксіз саттырғанда, туындыны халық игілігі деп жариялағанда, авторлық құқықа ие болған заңды тұлғаның жойылу кезінде. Берн конвенциясына сәйкес, авторлық құқықтарды автоматты түрде беріледі. Ол үшін тіркеу немесе өзге де формалды әрекеттерді орындау қажет емес. Алайда, авторлық құқық жөніндегі кейбір ұлттық мекемелер туындылардың тіркелуін талап етеді. Бұл туындының авторлығына байланысты дауды оңай шешуге мүмкіндік береді. Аздаған ақпарат: «Happy Birthday to You» деген әйгілі ән әлемде өте көп айтылатын әннің бірі. Барлық туған күн кештерінде ол шырқалмайтын кезі сирек. Алайда, оны коммерциялық кештерде, жиындарда қолдану әлдекімнің авторлық құқын бұзу болып саналады. Бұл әнді апалы-сіңлілі Пэтти Хилл мен Милдред Дж. Хилл 1893 жылы жазған. 1935 жылы әннің авторлық құқы бекітілді. АҚШ заңына сәйкес ол құқықтың қызмет ету мерзімі 2030 жылы ғана өтеді. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, бұл ән ешқандай фильмде де, саундтрек ретінде де қолданылмайды. Ал, егер аса қажет жағдайда Сіз әнді пайдалану үшін ақы төлейсіз. АҚШ тың құқық қорғау органдары тек осы әннен ғана жылына екі миллион долллар табыс табады екен. Әдебиет, ғылым және өнер туындыларының авторы келесі құқықтарға ие: - авторлық құқық - тақырып таңдау құқықғы - туындыны жариялау және пайдалануға - шығармаға қол сұқпаушылық және т.б. Авторлық құқық туындылары белгілі бір нысанды таратылады: 1) жазбаша (қолжазба, машинка басылған, нота жазбасы және т.б.); 2) ауызша (көпшілік алдында орындалу және т.б.); 3) дыбыс және бейне таспаларға түсірілу (цифрлік, магнитті және т.б.); 4) бейнелеу өнері (сурет, эскиз, сызба, кино, фото және т.б.); 5) көлемдік - кеңістік (мүсіндер, макет және т.б.); 6) басқа да нысандарда. Ғылым немесе шығармашылықпен айналысатын тұлғаның ең негізгі құқығы автор құқығы. Автор құқығы бойынша автор оның туындысын пайдаланған жағдайда автор сілтеу жасауды талап етуі де мүмкін. Автор құқығы туындының формасына немесе туындының мақсатына байланыссыз сақталады. Туынды басылса да, басылмаса да автор құқығы сақталады.