Пайдаланылған әдебиеттер


Авторлық құқықтың объектілері



бет2/6
Дата14.03.2023
өлшемі94,5 Kb.
#172363
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
гармонизация

Авторлық құқықтың объектілері
Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар жатады:
- драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
- әдеби туындылар; (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық )
- сценарий туындылары;
- хореография және пантомима туындылары;
- мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
- дыбыс-бейнежазу туындылары;
- кескiндеме, мүсiндеме, графика туындылары;
- қолданбалы өнер туындылары;
- сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
- суретке түсiру туындылары:
- суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
- бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
- карталар, топография және географияға туындылар;
- жоспарлар, нобайлар, безендiрулер үш өлшемдi туындылар;
- ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
- өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.
Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
- туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
- жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
- туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
Сонымен қатар, авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар да кездеседі, олар төменде көрсетілген:

  • ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы мәтіндер, заң әкiмшiлiк және өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

  • мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);

  • халық шығармашылығы туындылары;

  • оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет