Пайдалы қазбаларды ұсақтау,
сұрыптау, байыту және рудалар
мен концентраттарды кесектеу
кезіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптарына
2-қосымша
Пайдалы қазбаларды байыту кезінде қолданылатын реагенттер, олардың адам ағзасына әсері және сақтану шаралары туралы қысқаша мәліметтер
Кәсіпорынның өндірістік ғимараттарының жұмыс зоналарындағы зиянды газдар мөлшерін азайтуға үрдісті әрекеттегі технологиялық регламентке қатаң сәйкес жүргізу, өндірістік операцияларды кешенді автоматтандыру және механикаландыру, құрал-жабдықтарды оқшаулау және желдету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі жолымен қол жеткізіледі.
Реагенттердің зиянды әсерінен сақтану үшін жұмысшылар арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдары: респираторлар, өнеркәсіптік сүзгі противогаздарын, каскалар және қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланады.
Терінің қозуына алып келетін заттармен жұмыс істеген кезде жұмысшалар профилактикалық пасталар мен жақпа майлар, шаю және дезинфекциялаушы заттар қолданады.
1. Спирт аэрофлоттары
Сұйық натрий-бутил аэрофлоты күңгірт-сары түсті сілікпе. Оның өзіне тән күкіртті органикалық қосылыс иісі бар. Түсті металдардың сульфидтік рудаларын флотациялау кезінде селективті реагент-жинағыш ретінде қолданылады.
Бутил аэрофлотына қышқылдар түсіп кеткенде, реагенттің араластырылған су ерітінділерін ұзақ уақыт сақтағанда, улылығы жоғары күкірт сутегі бөлініп шығады.
Гидролизденген бутил аэрофлоты өзіне тән күшті иісі бар сұрғылт-қоңыр түсті созылмалы сұйық болып табылады. Гидролизденген аэрофлот әлсіз байқалатын кумулятивті қасиеттерге ие болады.
Жағымсыз иіс салдарынан және спирт аэрофлоттары шаңының ауызға және дем алу органдарына түсіп кетуінен сақтану үшін спирт аэрофлоттарымен жұмыс істеген кезде противогаздар қолдану ұсынылады.
Спирт аэрофлоттарының ағза ішіне түсіп кетуіне жол берілмейді, себебі бұл бастың ауыруымен, жалпы әлсіздікпен, жүрек айнуымен, құсумен, температураның көтерілуімен, дем алудағы ұстамамен, сөйлеу мен жүріс бұзылуымен, көз жанарының кішіреюімен, балтырдың дірілдеуімен, ауыр жағдайда естен тану байқалатын, қозғалыстың қозуымен, қолдың дірілдеуімен, дене дірілі мен температураның төмендеуімен сипатталатын ауыр улануға алып келеді.
Қорғаныс құралдары. Цех аптечкаларында келесі препараттар жиыны болады: күкіртті қышқыл атропин (0,001 г) немесе 0,1 % ерітінді ампуласы, прозерпині (0,15 г) бар пентафен (0,15 г); тропацин (0,03 г), немесе, красавка экстрактының екі таблеткасы (әрқайсысы 0,015 г).
Бұл ұнтақтар (таблеткалар) бас ауырғанда, сілекей аққанда, терлегенде, жүрек айнығанда, көз ауырғанда, көз жанары кішірейгенде, ентіккенде немесе уланудың басқа түрлерінің белгісі кезінде ішке қабылданады. Улану белгілері байқалғанда жарақаттанушы медпунктке қаралады. Дем алу тоқтап қалғанда медициналық қызметкерлер келгенше жасанды ауа беру керек. Жеке қорғаныс құралдары ретінде қорғаныс көзілдіріктері, тығыз немесе су өткізбейтін матадан тігілген комбинизондар, резинамен қапталған ал жапқыштар, резина етіктер мен саусақты қолғаптар пайдалану ұсынылады.
Алғашқы көмек тез арада медициналық қызметкерлер келгенше және жарақаттанушыны емдеу мекемесіне жөнелткенше жасалады.
Реагент теріге тиіп кеткенде, теріні мұсатыр спиртінің 5-10 % ерітіндісімен немесе «Б» хлорамин 2,5 % ерітіндісімен өңдейді.
Реагент көзге тиіп кеткенде көзді судың мол мөлшерімен шаяды.
Егер улану ауыз арқылы жүрсе, жарақаттанушыға ішуге бірнеше стақан су береді де, жұтқыншақтың артқы қабырғасына саусақты тигізе отырып құстырады. Бұл операцияны бірнеше рет қайталайды. Бұдан соң екі-үш қасық активтендірілген көмірі бар ішетін соданың 2 % ерітіндісінің жарты стақанын береді.
2. Натрий триосульфат
Натрий триосульфаты-түссіз кристалды зат. Натрий триосульфатына күшті қышқылдар әсер еткенде күкіртті газ бөлініп шығады. Бірнеше миллиграмды кездейсоқ қабылдау денеде аурудың болуына алып келеді. Бірнеше грамм қабылдау кезінде қайталап құсу, ас қазанның күшті бұзылуы және қан айналымы, әлсіздік, жүрек қағуы, суық терлеу байқалады.
Қышқылдар әсер еткенде сульфаттар күкіртті газбен бөлініп шығатын улану көзі болуы мүмкін.
Күкіртті газ жоғарғы дем алу жолдарын, ал күшті әсер еткенде тереңдегі дем алу органдарының жұмысын бұзады. Жоғары концентрациясы мұрынның ылғалды қабаттарын, мұрын қуысын, трахея мен бронхтар ауыруын тудырып, құрғақ жөтелу ұстамасында, қорылдауда, мұрынның жыбырлауы, тамақ мен кеуденің күюі мен ауыруы, көзден жас ағуы,мұрынның қануымен жалғасуы мүмкін. Жоғары концентрациямен бір реттік дем алу ентігуге, көгеруге және тез арада келетін естен тануға алып келеді.
Күкіртті газбен созылмалы уланғанда иіс сезімі нашарлайды, дәм сезу төмендейді, созылмалы, көбінесе атрофикалық риниттер, фарингит, ларингит, бронхит және тістердің сынуы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |