Пайдасы мен зияны Роботтың пайдасы мен зияны



Дата03.03.2020
өлшемі14,15 Kb.
#59485
Байланысты:
Пайдасы мен зияны

Пайдасы мен зияны

Роботтың пайдасы мен зияны

ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам организмі ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз.

Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. Келешек көңіл көншітпейді: АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылған болуы мүмкін. Яғни, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Біраз уақыт бұрын заманауи ұлы ғалым Стивен Хокинг роботтардың адамдарды толықтай жеңетінін болжаған: дегенмен, бұл жақын арада болмайды. Бірақ қазірдің өзінде ұйқы мен күйзеліс роботтары қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады.

Дене еңбегінің аз болуы да, адам денсаулығына әсерін тигізбей қоймайды. Адам психикасына, әсіресе балалар психикасына, дамудың тежелуі, артық салмақ, ұйқының жетіспеуі, психикалық аурулар, агрессия жаңа технологияның жемісі.

Қорыта келе Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» деген сөзін естен шығармасақ екен дейміз.



Қолданылуы

Өндіріс. Tesla Motors компаниясының автомобильді зауытындағы роботтар.

Медицина. Ота жасауға көмектесетін автоматты жүйелер 1985 жылы пайда болды, бірақ Da Vinci алғашқы нағыз әмбебап хирург-робот болып есептеледі.

Білім беру. Nao – бұл робот білім беру және зерттеу платформасы ретінде кең ауқымда қолданылады.

Зерттеу. Curiosity роботы 2011 жылы жобаланып, құрастырылып, Марс планетасында геологиялық және климаттық зерттеулер жүргізу үшін жіберілген.

Іздестіру операциялары. Данте роботы (Карнеги Мелон Университеті) жанартау ішіндегі жұмыстарға арналған.

AQUA роботы (McGill Университеті) суасты жұмыстарына арналған.

Ай бетінде жүруші (1970 жыл) айдың бетін зерттеуге арналған. Басқа планетадағы қашықтықтан басқарылатын бірінші робот.

Әскери техника және қауіпсіздік. Жарылғыш заттарды жоюға арналған сапер Irobot 710 Warrior роботы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет