4 сынып Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Мектеп және өндіріс коршаган орта
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға өндіріс орындарында жұмыс істеу
туралы бағыт беру
2. Жергілікті өндіріс орындарының ерекшелігін түсіндіру
3. Туған ел табиғатын сүйе білуге,оның байлықтарына
қамқоршы болуға тәрбиелеу
Сабақтың әдіс тәсілдері:Түсіндіру ,әңгімелеу,баяндау,сұрақ- жауап,кластер,кестелер
Көрнекіліктер:интерактивті тақта,суреттер.
Қолданылатын технология:дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
II Үй жұмысын тексеру
Өткен сабақта біз ауыл жайлы өткенбіз.Ауыл еңбегімен,шаруа қожалықтарымен таныстыру.
Сұрақтарға жауап беру.
1.Ауыл адамдары қандай жұмыс түрлерімен айналысады?
2.Өз жеріңде қандай шаруашылықтар бар?
3.Шаруашылықтар елімізге ,тұрғындарға қандай пайда әкеледі?
Ауылымыздағы дамып келе жатқан шаруа қожалығының біреуі –Лончинский Николай Михайлович.
а)өмірбаяны
ә)қандай жұмыс түрлері жүргізіледі?
б)ауыл тұрғындарына қандай көмек береді?
2.Ищук Юрий Николаевич
а)өмірбаяны
ә)жұмыс түрлері
б)ауыл тұрғындарына қандай көмек береді?
Кластермен жұмыс. Венн диаграммасы
АУЫЛ
Ищук Ю.Н.
1.Көмір
2.Ет
3.жұмыс орны
Лончинский Н.М.
1.Егін
2.Шөп
3.Көкөністер
4 Жұмыс орны
ШАРУА
ҚОЖАЛЫҒЫ
ЖҰМЫС ОРНЫ
МЕКТЕП
III Жаңа сабақ
Мектеп және өндіріс орнының байланысы
1.Өндіріс орындары туралы түсінік беру.
Сендер мектеп бітіріп,жоғары оқу орындарына түсесіңдер.
Білімді маман болғанда елдің хал жағдайын көтеруге көмектесесіңдер.Қандай маман болғың келсе,осы кезден бастап соған икемделе бастаған жөн.Осыны ескеріп,кейбір өндіріс орындары мектептен тұрақты байланыс жасап отырады.Мектеп оқушыларын өз жұмыстарымен таныстырады.Ондағы еңбек қауіпсіздігін сақтау,қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен танысады.Бүгінгі нарық қатынасына сай,жүзеге асырылған жұмыс түрлерінің сапасы жақсарған сайын,оған қойылатын талаптар да өседі.Ауылдың мектептердегі оқушыларда кішігірім цехтар арқылы өндіріс орындарымен байланыс жасап,өнім шығару жолдарын көріп үйрене алады.Астық, мал өнімдерін қандай жолмен өндіріп, ұқсатуға болатынын меңгереді.Өндірістің осындай алуан түрімен танысқан оқушылар өзі ұнатқан салаға қарай мамандық таңдайды.Сөйтіп, олар мектепте оқып жүргенде-ақ ұнаған кәсіпті анықтауға бет бұрады.Адам өмір сүру үшін еңбек етеді.Еңбектің арқасында үй,киім,тамақ,тұрмыстық заттарды табу үшін еңбектенеді.Еңбектің арқасында зауыт, фабрика,ғимараттар салынады,көліктер жасалып,мұнай,газ және т.б.,пайдалы қазбалар өндіріледі.Кітап жазу,өнер де еңбекпен жасалады.Ал айтып кеткен кішкене цехтарға Ереймен ауданының өнеркәсібімен танысайық:
Ауыл,қаланың тұрғындарының үйлерін,ауланы,көшені жақсартуға есіктер,терезелер,темірден жасалған шарбақтар жасайды.
Пластиктен әйнек «Калиев», Оспанов ,Карасенц, Остапенко темір есік,шарбақтар шығарады.
Горынчко ағаштан есік ,әйнек өнімдері.
Калкаманов А. табиғи минералды су
Құдайбергенов асфальт,көмір өндіреді.
Щебзавод щебенка,кварц,аллюминий.
Сарыадыр көмір.
Бәймен ауылы балық,аққайың өндіріледі.
Ордабай ауылы алтын.
Алғабас ауылында ұлттық саябағында әртүрлі терісі бағалы аңдар мен құстар өсіріледі.Оларды көбейтіп терілерінен,мүйіздерінен бағалы заттар шығарады.
Қазақстандағы басты- басты өндіріс орындарымен танысу.
Қазақстанның өндірістік картасы.Мұғалімнің түсіндірмесі:
1.Оңтүстік Қазақстан
2. Қарағанды облысы
3.Жамбыл облысы
Оқушылардың дайындаған ақпараттары:
Шығыс Қазақстан (слайд №17-18)
а )табиғаты
ә )аңға, пайдалы қазбаларға бай
б)түсті металл-мыс,алтын,күміс
в) отқа төзімді саз кен орындыры бар
г) зауыттарда мырыш,қорғасын,цемент өндіреді.
д) бұғы шаруашылығы,қарасұр түлкі және қара күзенді өсіретін шаруашылық бар.
Каспий теңізі (слайд 19-20) оқушының ақпараты
а)шектесетін мемлекеттер
Қазақстан
Каспий теңізі
Иран Ресей
Түркістан Азербайжан
ә ) 1640 жылы Гурьев атымен аталған .1992жылдан бері Атырау деп өзгертілді.(слайд №21,22)
б )Мұнайдан шығатын өнімдер
пластилин спирт каучук
Мұнай
кір жуатын жағар
заттар жер май май
в)Балықтың 97 түрі кездеседі.
Тақтамен жұмыс(кластер) (слайд №23,24)
Балықтардың пайдасы туралы кластер құру.
Балықтардың
пайдасы
уылдырық
Сүйегі ет
әшекейлер консерві
майы емдік дәрілер
Маңғыстау-Ақтау облыстары (слайд №25) оқушылардың ақпараты
Маңғыстау аймағында әктас,гипс,тақтатас,сутас-кварц,мыс көп.Маңғыстау жер жүзінде мұнайды көп өндіретін мекендердің қатарына қосылады.жергілікті ұлу тастан салынған қырмызыдай құлпырған қала-Ақтау осы облыстың орталығы.Қаланың әр үйі ерекше сәнмен тұрғызылған.Ақтаудың өңірінде атом электростанциясы бар.
Қызылорда облысы (слайд№ 26) оқушының ақпараты
Арал теңізінің шығысынан басталып,Сырдария өзенін бойлай Қызылорда облысы созылып жатыр.Республикамыздың ең ыстық шөлді өлкелерінің бірі.Мол су,құнарлы топырақ,жеткілікті ыстық күріш егуге өте қолайлы.Сондықтан да бұл облыс атақты ақ күріштен мол өнім алумен даңқы шыққан.Оны сарқылмас күріш қоймасы десекте артық емес.
--Балалар, күріштен қандай тағамдар дайындалады?
-- Палау,күріш көже,күріш ұны,крахмал.
Мал шаруашылығы (слайд 27) оқушының ақпараты
Қазақстан –ауыл шаруашылығы дамыған Республика.Маңыздылардың бірі-мал өсіру.Қой,сиыр,жылқы,түйе,шошқа өсіріледі.Таулы аймақтарда арқар-меринос,қаракөл өсіріледі.Республика халықтарын етпен қамтамасыз етуде құс шаруашылығы да орын алады.
Егін шаруашылығы (слайд№28 )оқушының ақпараты
а)Астық Республикамыздың басты байлығы.Астық-диқандар еңбегінің нәтижесі.
ә)Комбайншы ,тракторшының атқаратын қызметі.
Сергіту сәті (слайд№30)
Нанға байланысты жаттығу(арқаға массаж)
Жерді жырттым( арқаны тырналау)
Тұқым септім( шымшылау)
Егін өсті ( сипалау)
Комбайниен егінді жинадық( тырналау)
Бидайдан ұн жасап,қамыр иледім( жұдырықпен арқаны басу)
Орындарына отыру.
(слайд 29,31)Өмірімізді нансыз елестету мүмкін емес.Сендер білесіңдер ме?
Жерде жатқан нанды,құранды басып тұрып алуға болады.Бірақ,нанды басып,құранды жерден алуға болмайды.Нанды құрметтеу-диқанның еңбегін ғана емес,Отанды,елді,жерді құрметтеу.Біздің Республикамыздың елтаңбасында масақтың суреті бейнеленген.Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді.Ол биіктен төгілген мөп-мөлдір,зәм-зәм суынан өседі.
Ал,балалар,енді « нан мен су-алтыннан да қымбат» деген нақылға арналған
Оқушылардың мақал-мәтелдерін тыңдайық.
Келесі тапсырма-4 жол өлең шығару.
I- қатар II- қатар
Нан Су
Бекіту (слайд 32-33)
1.Қандай өндірістің түрлері сендерге ұнады?
2.Ауылды көркейту үшін қандай өндіріс түрін дамыту керек?
3.Ауылды көркейту үшін қандай мамандықты таңдайсың?
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ауылды көркейту үшін көп үлес қосып,көптеген
шара қолданып жатыр.Ауыл мектептерін компьютермен,интербелсенділік тақтамен,дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатыр.Ақмола облысының ай-
мағына газ құбырын тарту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған мақсаты бойынша соңғы жолдауында айтылған.
Карточкамен жұмыс
Не білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
Бағалау (слайд 34)
Үйге тапсырма (слайд 35)
Мұнайдан,көмірден , темірден қандай заттар алынатынын,жасалатынын дәптерлеріне жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |