Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


өміріңнен ұзартамын», – деді. Сөйтіп, Адамның өмірінен



Pdf көрінісі
бет224/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
өміріңнен ұзартамын», – деді. Сөйтіп, Адамның өмірінен 
Дәуітке қырық жыл қосылды... Сөйтіп, Дәуіттің өмір жасын 
1
«Сад» сүресі, 21-26 аяттар. 


248
 
 
жүзге толтырып, Адамның өмір жасын мыңға толтырды»
, – 
деген
1
.
Осы себепті Дәуіт жүз жыл өмір сүрген. 
Дәуіттің дүние салуы 
Оның дүние салуын Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Дәуіт өте қызғаншақ еді. Егер сыртқа шықса, есіктерді 
жабатын да, оның үйіне өзі қайтқанша ешкім кірмейтін. Бір 
күні ол сыртқа шығып, үйін құлыптап кетеді. Бір кезде әйелі 
ауласын аралап жүрсе, ауланың ортасында бір ер кісі тұр 
екен. Сонда 
(әйелі)
: «Үйдегі кім?.. Сарай болса құлыптаулы, 
мына ер кісі қайдан кірген?! Аллаһпен ант етемін! 
(Мұны)
 
Дәуітке айтармыз», – дейді. Ұзамай Дәуіт келсе, ауланың 
ортасында бір ер кісі тұр екен. Дәуіт оған: «Сен кімсің?» – деп 
сұрайды. Ол: «Мен – сондай патшалардан қаймықпайтын, 
кедергілерде тосылмайтын біреумін», – деп тіл қатты. Сонда 
Дәуіт: «Аллаһпен ант етемін! Онда сен – өлім періштесісің. 
Аллаһтың әміріне қош келдің!» – дейді. Сосын рухы 
алынғанша сонда қалды. 
(Сүлеймен оны)
жуып, кебіндеп, 
арулап болған кезде күн шығып кетті. Сонда Сүлеймен 
құстарға: «Дәуітке сая болыңдар», – деді. Құстар жер 
қараңғы тартып кеткенше көлеңкеледі. Сол кезде Сүлеймен 
құстарға: «Қанаттарыңды жиыңдар», – деді»
, – деген. Хадисті 
риуаят етуші Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): 
«Аллаһ 
елшісі (с.а.с.) құстардың әрекетін көрсету үшін бір қолын қағып, 
бір қолын жиды»
, – деген
2

Аллаһтың пайғамбары Дәуіт осылай дүниеден өтті. Оған 
Аллаһтың сәлемі болсын! 
1
Хадисті Ахмад жеткізген. 
2
Хадисті Ахмад риуаят еткен. 


249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет