Сабақтың тақырыбы: М.Сейфуллин. «Сәкен аға»
Мақсаты: мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.
1. Білімділік: Ұлы адамның өмірінен мағлұмат беру, Сәкен Сейфуллиннің халқына қамқор болғаны жайлы берілген мәтінді түсініп оқи отырып, мазмұнын айтуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейі дамуына мүмкіндік беру.
3. Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру. Ізгілікті, елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап, СТО
Сабақтың көрнекілігі:. Бейнероликтер, суреттер, портреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, сабаққа даярлау.
Психологиялық дайындық
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім,
Туағн тілім-далам тілі-өз тілім
Туған тілім-адам тілі-өз тілім,-дей келе, ардақты әдебиеттік оқу ғылымының кезекті бір сабағын бастайық.
Суреттер арқылы топқа бөлу. Суреттер таңдайды (от, ойыншық, орамал, жолбарыс, жұлдыз, жүрекше, ғарыш, ғарышкер, ғаламшар). Суретті не үшін таңдағанын және өзінің сол суреттегі затпен ұқсас мінезіндегі ерекшелігін айтады.
Суреттердегі заттардың басқы әріптері бойыша топқа бөлінеді.
І топ-Ғылым орталығы
ІІ топ-Оқу орталығы
ІІІ топ-Жазу орталығы
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Бір оқушы әңгімелейді. Қалған оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақтарға жауап беріп, берген жауабына сай келетін смайликтің астына жапсырады.
1.Трамвайда кімдер келе жатты?
2.Қарт балаға не үшін рахмет айтты?
3.Бала мен қарт кісі арасында не туралы әңгіме өрбіді?
4.Оқиғаға тағы кім қосылды?
5.Бала неге қысылды?
6. «Инабаттылық» дегенді қалай түсінесіндер?
7. Мәуленнің атаға көмектескені дұрыс деп ойлайсың ба?
8. Бердібек Соқпақбаев кім?
9. Б.Соқпақбаевтың тағы қандай шығармаларын білесіңдер?
Осы смайликтегі көңіл күйімізді сабақ соңындағы көңіл-күйімізбен салыстырамыз.
Жаңа сабақ:
«Шал мен бала» мәтіні не туралы болды?
Кішіпейілділік, мейірімділік, көмек көрсету
Олай болса бүгінгі сабағымыз да осы адалдық, мейірімділік, әділдік жөнінде болмақ.
Бүгінгі сабақта М. Сейфуллиннің «Сәкен аға» мәтінімен танысамыз.
Қызығушылықтарын ояту.
Сәкеннің өмірбаянымен таныстыру: Бейне таспадан Сәкеннің өмірбаянын көрсету.
Оқушылар Сәкен Сейфуллин кім?
Сәкен біздің Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданына қарасты Иманақ тауының етегінде дүниеге келген. Тар жол тайғақ кешу романы бар. Мәжит Сейфуллин Сәкеннің немере інісі.
Сәкен → жазушы, ақын, қоғам қайраткері
Қызыл шұнақ, Туған ел шығармалары бар.
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданында) туған . Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған екен. Анасы Жамал ертелі-кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып беретін болыпты. Табиғатынан дарынды жаратылған, мөлдір қара көзді, толқынды қара шашты, қыр мұрын, келбетті де қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кетіпті. Әке-шешесі ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен»,- деп, тоғыз жасында Нілді заводына жібереді.
Сталиннің жеке басына табыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 25 ақпанда мерт болды.
Сәкен Сейфуллин туралы «Ғылым» орталығы эссе жазды, онымен топ басшысы таныстырады.
Енді әңгімені оқулықтан, «Оқу» орталығынан бір оқушы бастап оқиды.
«Жазу» орталығынан алу әдісімен сөздік жұмысын жасап отырыңдар.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Әңгіме кім жөнінде жазылған?
Сәкен Сейфуллин кім?
Ол не үшін күресті?
Іңкәрбек неліктен жатақ атанған?
Ол өз басының мұңын кімге шақты?
Бай Сәкеннен неге қорықты?
Бейнероликтен Сәкеннің өмірбаянын көрсету.
Сөздік жұмыс:
Иманақ – Жаңарқа ауданындағы таудың аты.
Күзеу күзде көшіп қоныстанатын жер;
Жатақ ауыл қыстауды күзетіп қалатын ауыл;
Ойын «Қай шығарма?»
Сәкеннің шығармалары туралы, кейіпкерлері туралы айтылады. Шығарманың атын табу керек.
Сәкеннің бұл өлеңі қазақтың ақыны, әрі сал-серісі туралы. Ол қолына домбыра алып, ән шырқап, елді аралаған. (Біржан)
Қазақта даңқы шыққан Біржан ақын,
Келтірген сұлу өлең, сөздің нарқын.
Сан топта сан жүйрікпен жарысқанда,
Келмеген қапталына ешкім жақын.
Бұл әңгімеде екі керемет, әсем құс туралы, олардың түр-сипаты туралы айтылады. Бұл қандай құс және әңгіменің аты қалай? (Көлде)
Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы – айнадай далтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып екі аққу сыланады.
Бұл өлеңде туған жердің кеңдігі туралы, жайқалған көк шалғыны туралы, жалпы тіршіліктің анасы туралы айтылады. (Туған ел)
Кеңсің, дала – туған ана,
Көйлегің кең, көк ала.
Жан беретін, тән беретін
Мейірімді ана – сен ғана.
Бұл өлеңде қыстың қатты аязын теңеу сөздерді қолдана отырып, аязды адамға теңей отырып суреттеген. (Қызыл шұнақ)
Шытынайды тыста аяз –
Қызыл шұнақ үскірік.
Қылшылдайды жалаңдап,
Зәрлі деммен ысқырып.
5. Ал енді мына шығырмадан үзіндіге құлақ түрейік. Авторы С.Сейфуллин емес, бірақ Сәкенге қатысы бар. «- Исламқұл, ал «Тау ішіндені» бір бабына келтіріп шырқашы! Ел, мына жастар бір рақаттана тыңдасын, - деді. Сол ән екі-үш рет қайталанып айтылды. «Пәлі! Есіл ерім-ай! Шіркін, ән болсаң, сөз болсаң осындай бол!» деген қошемет сөздер естіліп жатты.» (Т.Кәкішев «Мәңгі жасар өмір»)
Сергіту сәті: Сәкен Сейфуллиннің « Тау ішінде әні» тыңдау.
БІЗ ДЕ - ОЙЫНЫ
Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.
Ойын бастаушы: мен көлге барамын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: күшігім жейді.
Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.
Ой толғаныс.
«Сәкеннің ұқыптылығы» тақырыбына эссе жазады.
Оқу орталығы. «Ақ тізім», «Қара тізімге» әңгіме кейіпкерін жазып, неге солай жазғандарын түсіндіреді.
Ғылым орталығы «Кісідегінің кілті - аспанда» Осы мақалдың мағынасын кім ашып береді?
Қорытындылау:
Сұрақ жауап:
«Өрмекшінің торы» арқылы оқушылар бүгінгі тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін айта отырып, торды қайта жинайды. Сұраққа қай деңгейде жауап бергенін смайликтің астына жапсырып, өз деңгейін анықтайды.
Сәкеннің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Сәкен үй шаруасына қандай көмегін тигізді?
Өздеріңнің қандай көмектерің бар? Қолғабыс тигізесіңдер ме?
Бүгінгі өткен тақырыбымыз 3 Бәйтеректің бірі 19 ғасырда өмір сүрген қазақ халқы үшін жаны ашыған ұлы ақын Сәкен 1957 жылы ақталып шығады.
Н. Ә Назарбаев қазақ халқына жолдаған жолдауында Қазақстан - 2050 Дамыған 50 елдің қатарына кіру керек деп мақсат қойды. Сол мақсатқа сендер жетеді деп сенемін.
Үйге тапсырма: Әңгімені оқып, мазмұның айту. Сәкен туралы қосымша деректер жинау.
Бағалау
Р/с
|
Оқушының аты-жөні
|
Үй тапсырмасы бойынша сұрақ
(1-2 ұпай)
|
Топта сөйлеп, идея айтқандығы (1-3 ұпай)
|
«Қай шығарма?» ойыны
(1 ұпай)
|
Жаңа сабақ бойынша сұраққа жауап беруі (1-2 ұпай)
|
Қорытынды
3ұпай – «3»
4-6 ұ – «4»
7-8 ұ – «5»
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
Қарашоқат орта мектебі
Ашық сабақ
«Сәкен аға»
Өткізген: П.А.Тәңірбергенова
Сыныбы: 3-сынып
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |