Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет222/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Осылай Дәуіт ұзақ уақыт бытыраңқы күй кешкен 
исраилдіктердің басын қосып, қуатты мемлекет орнатуға қол 
жеткізді. Аллаһ тағала:
«Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ 
төрелік айту қабілетін бердік»
1
, – дейді. 
Дәуіттің қазылығы 
Дәуіт мемлекеттің қазылық істерін де өзі басқарды. Ол бұл 
міндетін туралықпен жүргізе әділ үкім шығарып, кесімді төрелік 
айтатын. Бұл үкімдердің бірі Құранда: 
«Саған бөлменің қорғанынан асып түскен даугерлердің 
хабары келді ме? Олар оның алдына кірген кезде, ол олардан 
қорқып қалды. Олар: «Қорықпа! 
(Біз)
біреуіміз біреуімізге 
әділетсіздік еткен екі даугерміз. Біздің арамызға ақиқатпен 
үкім ет және әділетсіздік жасама. Әрі бізге жолдың турасын 
көрсет. Мынау – менің бауырым. Оның тоқсан тоғыз саулық 
қойы бар, ал менің бір ғана саулығым бар. Ол 
(маған)
: «Оны 
менің қарауыма бер», – деді және 
(енді) 
мені сөзде жеңіп 
шықты», – деді. 
(Дәуіт)
: «Ол саған саулығыңды өзінің 
саулықтарына 
(қосып алуды)
сұраумен әділетсіздік етіпті. 
Негізінде, серіктестердің көбісі біріне бірі әділетсіздік 
жасайды. Бірақ иман келтірген және ізгі амал істегендер 
басқа. Алайда ондайлар аз», – деді. Сонан соң Дәуіт Біздің өзін 
сынағанымызға көзі жетіп, дереу Раббысынан кешірім тіледі, 
иіле жығылды және тәубеге келді. Сонда оның мұнысын 
кешірдік. Әрі ол үшін Біздің алдымызда жақындық және 
қайтатын жердің көркемі бар. Ей, Дәуіт! Ақиқатында, Біз 
сені жер бетінде орын басушы еттік. Ендеше адамдардың 
арасына ақиқатпен үкім айт және көңіл ауғанға ерме. 
Әйтпесе ол сені Аллаһтың жолынан адастырады. Ал 
1
«Сад» сүресі, 20-аят. 


247


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет