Паллиативті көмек көрсетудегі эрготерапия
Эрготерапия- жүйелі және белсенді түрде жай жәнеөнеркәсіптік жаттығуларды дағдыларды қалыпқа келтіру мақсатында жасалатын емдеу терапиясының әдісі болып табылады.
Күнделікті өмірде өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (тамақтану, жуыну, киіну т.б)
Еңбек дағдысын дамыту (оқу, ойын, еңбек);
Бос уақыт (спорт, ойын-сауық)
Эрготерапия – (латын тілінен аударғанда ergos - еңбек) емдік медицинаның мүмкіндігі шектелген адамдардың іс-әрекеттерінің белсенділігін қайта қалпына келтіруге бағытталған әдісі. Яғни, эрготерапия медициналық оңалту іс-шараларының бірі болып саналады.
Эрготерапияның негізі – белгілі мақсатқа бекітіліп, қандай да бір міндеттерді шешуге бағытталған, қажет қызмет. Ол эмоциональдық, когнотивтік және психикалық жүйелердің мүмкіндіктерін жақсартуға көмектеседі. Қазіргі таңда оңалтуда жаңа әдіс ретінде, әсіресе, балалардың церебралды сал дертімен ауыратын балаларды, бас-ми жарақатын алғандарды және тірек-қимыл аппараты бұзылған науқастарды оңалту жұмысында көп қолданылып жүр. Эрготерапия әдісі негізінде емделушінің өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар топтамасымен жұмыс жасалады.
Эрготерапиялық агротерапия әдісі – еңбекпен тәрбиелеу және эрготерапия бағыттарының бірі, өсімдіктерді өсіру, баптау арқылы еңбек дағдыларын қалыптастырады.
Айна терапиясы әдісі
Айна терапиясы да эрготерапияның жаңа, тиімді әдістерінің бірі. Мидың визуальды және қимыл-әрекеттік аймағын белсендіруге қолданылады. Айнаны үстел үстіне ыңғайлы қойып, емдейтін қолын айна арқасына жасырып, көрсетпей, ал сау қолымен айна алдында жұмыс жасайды. Әр түрлі жаттығуларды емделушіге көрушілік қайтымды байланыспен, терең сезімталдықпен жасауды ұсынамыз. Сол кезде екі қолымен де жақсы жұмыс жасағандай сезім пайда болады.