Паллиативті көмекті кімдер қажет етеді


Паллиативтік бөлімдегі төсек орындарды алмастыру қызметі және амбулаториялық күндізгі стационар қызметі



бет4/5
Дата12.03.2023
өлшемі35,81 Kb.
#171984
1   2   3   4   5
Байланысты:
плиа

Паллиативтік бөлімдегі төсек орындарды алмастыру қызметі және амбулаториялық күндізгі стационар қызметі
Онкологиялық көмек көрсетуді дамыту жоспарын 2013 жылы Астана, Петропавл, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында паллиативтік көмек орталықтарын құруды, одан кейін Талдықорған, Алматы, Орал, Атырау, Шымкент және Тараз қалаларында паллиативтік көмек көрсететін онкологиялық орталықтарды ашуды қарастырды. Бүгінгі күні паллиативтік көмекке арналған 150 - ге жуық орын осы жоспар аясында қамтамасыз етілді.
Бүгінгі таңда 11 мекеме стационарлық, соның ішінде хоспистер, мейірбике ісі орталықтары және симптоматикалық емдеу және паллиативті көмек көрсету бөлімшелері ұсынылды. Төсек орындарының жалпы саны 500-ден аспайды, бұл шамамен 17 миллион халқы бар региондар үшін жеткіліксіз.
Сонымен қатар, шалғай аудандарда өмір сүретін науқастар үшін стационарлық емдеу, қиындықтар шақырады . Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда паллиативті көмек қажет ететін науқастарға, үйде көмек көрсетудің амбулаториялық түрлерін дамытуды ұсынады.
Қатерлі ісікпен ем көрсететін онкологиялық диспансерлерде немесе ауруханалардан шығарылған соңғы сатыдағы қатерлі ісік ауруымен емделетін науқастар, амбулаториялық клиникалардың учаскелік дәрігерлер қаралуына, қосымша онкология диспансері атынан ашылған мобильдік топ қаралуына беріледі. Онкологиялық науқастарға күтім жасау, медициналық, психологиялық, әлеуметтік және рухани мәселелерді шешу үшін паллиативтік көмек көрсетудің қажетті дағдылары жоқ жалпы практика дәрігерлері мен штаттық онкологтардың жауапкершілігіне жүктеледі. ҮЕҰ, Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласында "Кредо", Тараз қаласында "Амазонка", Алматы қаласында "обырға қарсы араласу" және Павлодар қаласында "Солярис" деген көп бейінді бригадалар үшін оқыту жүргізілді және емделмейтін науқастар үшін амбулаториялық паллиативтік көмек көрсету жобаларын іске қосты. Алматыда жоба бастапқыда "Сорос-Қазақстан" қорымен қаржыландырылған, ал осы жылы мобильді топ Алматыдағы онкологиялық орталықта бөлімше болды. Осы жобамен Қазақстанда үйде көрсететін паллиативтік көмектің тұрақты мобильдік тобы құрылды, оны елдің басқа бөліктерінде енгізу үшін одан әрі ілгерілетуге болады [19].
Әкімшіліктен қаржыландырылған мобильді топтардың дамуы қатерлі ісік ауруын емдеп, науқастарға үй жайда алғашқы медициналық көмек көрсету және паллиативті көмек қызметтерінің қажеттілігіне әкімшілік ықпал етеді. Бұл сонымен қатар науқастарға онкологтармен кеңесуге, диагностикалық тексеріс құралдарына жіберілуге және шағын оталар жасауға кеңінен қол жеткізуге мүмкіндік береді.Оң өзгерістерге қарамастан, әлеуетті дамыту, стратегиялық жоспарлау және жәрдемдесу бойынша алда әлі де көп жұмыстар бар. Қазақстанның паллиативтік көмек қауымдастығы парламент мүшелерінен бастап еріктілерге дейінгі барлық жергілікті жақтаушылардың; Томас Линч, Мэри Кэлловей, Джеймс Клири және т.б. халықаралық сарапшылардың жұмысын біріктіру мақсатында, Қазақстанда паллиативтік көмекті дамыту процесін жеделдету мақсатында "Ашық қоғам" қоры, IAHPC, EAPC, UICC, ASCO, NIH/NCI және басқа да көптеген әріптестерді ұйымдастыру. 
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің 27 қараша 2020 жылғы № 209/2020 «Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде 2021 жылы мобильдік топ жұмысын бастады. Күні бүгінде топ есебінде 45 науқас тіркеліп көмек көрсетілуде.(Сурет 1-5)
Паллиативтік медициналық көмек көрсететін топтың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:
1) ауыр және жазылмайтын ауру (жай-күйі) пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
2) радикалды ем жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде жазылмайтын пациенттің ауруының (жай-күйінің) ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдету (инкурабельді пациенттер);
3) жазылмайтын ауру пациентке мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету;
4) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды жазылмайтын пациенттерді үйде мейіргер күтімінің негіздеріне оқыту;
5) медициналық ұйым персоналдарының пациенттің отбасы мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беру болып табылады.
Хосписте (бөлімшеде) және үйде пациенттермен және олардың отбасы мүшелерімен жұмыс істеу үшін әлеуметтік қызметкер мен психолог лауазымы көзделеді. Әлеуметтік қызметкер емдеуге жатқызуға жәрдемдесуді, пациенттерді медициналық ұйымдарға алып жүруді, пациенттің отбасы мүшелерін күтім негіздеріне оқытуды, медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды және жүргізуді, әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беруді жүзеге асырады.
Психолог әлеуметтік-психологиялық патронажды, пациенттерді және бірге тұратын отбасы мүшелерін психологиялық қолдауды, жақын адамы қайтыс болған кезеңдегі қолдауды, шұғыл психологиялық көмекті жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет