7. Тегістеу.
Беті тегіс және жылтыр капсулалар алу үшін
оларды түйіршікьегіштерде араластырып тегістейді. Капсулалар бір-біріне үйкелісіп, олардың беттері жылтырайды.
8. Капсулаларды жуу.
Капсулаларды жуу майлар және басқа механикалық коспалардан тазарту мақсатымен жүргізіледі. Бұл үшін капсулаларды қазанга немесе басқа ыдысқа салып, үшхлор- этиленмен немесе изопропил спиртімен жуады. Сонан соң капсулалар қайтадан күштеп ауа жіберілетін шкафта 23- 26°С температурада еріткіш пен ылгалдан ажырату үшін кептіріледі.
9. Капсулаларды қайта өңдеу.
Жарамсыз капсулаларды кесіп, ерітіндіні қабықшалардан центрифугирлеу арқылы бөліп алады. Қабықшаларды үшхлорэтиленмен жуып, 67% ылғалдылыққа дейін су құяды да, ерітеді. Сонан соң біркелкі масса алынғанға дейін араластырады, вакуумдайды. Осы массаны онан әрі қарай желатин капсула қалыптауға қолданады.
Капсулаларды стандарттау:
Капсулалардың сапасын бағалау кезінде орташа салмағы, мөлшерлеудің біркелкілігі, ыдырауы және еруі анықталады (Мемлекеттік Фармакопея сәйкес «Капсулалар» бабына сәйкес).
-Орташа массаны анықтау. Ауытқу ±10% аспауы керек.
-Дозалаудың біркелкілігін анықтау. Капсулада 0,05 г немесе одан аз дәрілік зат болса, жеке мақалаларда басқаша көрсетілмесе, сынақтар «Таблеткалар» бабына сәйкес жүргізіледі.
-Ыдырау мен ерітуді анықтау «Таблеткалар» бабы бойынша да жүргізіледі. Капсулалар 20 минуттан аспайтын уақыт ішінде ыдырауы немесе асқазан-ішек жолында еруі керек.
-Қаптау. Капсулалар ылғалдан қорғалған, тығыз жабылған қаптамада шығарылуы керек.
-Сақтау. Капсулаларды құрғақ, салқын жерде, дәрілік заттың нормативтік-техникалық құжаттамасының көрсеткішіне сәйкес сақтау керек.
5. Сұйық дәрілік препараттар түріндегі диеталық қоспалар (сироп, май). Технология сұйық қоспаларды алу және стандарттау.
Достарыңызбен бөлісу: |