Ана сүтін жеткілікті емген бала түрлі асқазан және ішек ауруларына, мешелге (рахитке), қаназдыққа (анемияға) сирек шалдығады.Сондай-ақ мульти индикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанда бала емізу деңгейі 2006 ж. 16,8 % көрсеткіштен 2010 ж. 31,8% көрсеткішке дейін өсті. Баланы емізбеу сәбидің алғаш дем алуынан бастап, кейіннен асфиксияға ұшырауына, тыныс алу жолдарының бұзылуына, гипотермия мен инфекцияларға әкелетіні дәлелденді. «Қазақстандағы ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы қызметті жетілдіру: денсаулық теңдігін және оның әлеуметтік-экономикалық детерминантын бағалау» есебінің (2012 ж.) деректеріне сәйкес, еліміздегі 1 жасқа толмаған балалардың 9%-ке жуығы тыныс алу жолдарының бұзылуынан шетінегенін еске салған да жөн. - Ана сүтін жеткілікті емген бала түрлі асқазан және ішек ауруларына, мешелге (рахитке), қаназдыққа (анемияға) сирек шалдығады.Сондай-ақ мульти индикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанда бала емізу деңгейі 2006 ж. 16,8 % көрсеткіштен 2010 ж. 31,8% көрсеткішке дейін өсті. Баланы емізбеу сәбидің алғаш дем алуынан бастап, кейіннен асфиксияға ұшырауына, тыныс алу жолдарының бұзылуына, гипотермия мен инфекцияларға әкелетіні дәлелденді. «Қазақстандағы ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы қызметті жетілдіру: денсаулық теңдігін және оның әлеуметтік-экономикалық детерминантын бағалау» есебінің (2012 ж.) деректеріне сәйкес, еліміздегі 1 жасқа толмаған балалардың 9%-ке жуығы тыныс алу жолдарының бұзылуынан шетінегенін еске салған да жөн.
Бала емізіп жүрген кездегі тамақтану - Босанудан сауығып, нәрестені қамқорлап, басқа да қажетті істерді орындай алу үшін ішкен тамағыңыз жақсы және әр түрлі болуы керек Басында көбірек, күніне 3 – 5 л, сұйықтық ішіңіз, кейін өз қажетіңізге қарай болсын. Осының ең аз дегенде 2л сүт тағамдары болғаны абзал (сүт, айран, сүзбе, йогурт т.б.). Ана не ішіп-жесе, сол баласына да сүтпен барады. Ересек адамдардай, нәрестелер де кейбір тағамдарды жақсы қорытпайды. Мысалы, капуста немесе ащы дәмдеуіш қосылған тамақ нәрестенің ішін кептіріп ауыртуы мүмкін. Тамақтың басқа түрлері (мыс., апельсин, жидектер) кейбір сәбилердің денесін бөрттіріп жібереді. Әр бала тағамды әрқалай қабылдайды. Сондықтан не жеп жүргеніңізге әрі оның балаңызға қалай әсер еткеніне әрдайым көңіл аударатын болыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |