Паратрофияның алдын-алужүктіліктің барысындағы ауытқулардың алдын алу, патологияларды мерзімінде анықтап емдеу, туылғаннан кейін сәбилерге дұрыс тамақтандыруды қамтамасыз етіп, күту ережелерін сақтап, салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.
Емізулі ананың және баланың нутриентті қамтамасыздандыру
Баланың алғаш дүние есігін ашқан күннен бастап ең кемі 6 айға дейінгі аса қажетті және жалғыз қорегі, табиғи тағамы – өз анасының сүті. Ана сүті балаға әрі тағам, әрі сусын. Сондықтан 6 айға дейін балаға қосымша тамақ немесе су немесе басқа сұйық берудің еш қажеті жоқ.Ана сүті бала ағзасының дұрыс және толық өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді. Емшек сүтінің құрамында – ақуыздар (белоктар), лактоза, А,С витаминдері және темір элементі бар. Ана сүтіндегі бұл заттар бала асқазанында жеңіл қорытылады және сіңімді болады. Сонымен қатар емшек сүтімен қоректенген бала – түрлі ауруларға төзімді келеді. Өйткені ана сүті арқылы жұқпаға қарсы төзімділік қасиет (имунитет) балаға да беріледі. Әсіресе, жас нәресте үшін алғашқы сүт – уыздың маңызы аса зор.
6 айға толғаннан кейін жалғыз емшек сүті баланың қуаттылық қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Демек осы кезден бастап балаға қосымша тамақтың қажеттілігі артады. Қосымша тамақтың алдында балаға емшек сүтін емізген жөн. Өйткені ол баланың емшектен ерте шығып кетпеуіне және қосымша тамаққа біртіндеп үйренуіне себепкер болады. Ал емшек сүтінің бала ағзасына қажеттілігі бала бір жасқа толғанға дейін өте жоғары. 6 айлықтан 1 жасқа дейін қосымша тамақ мөлшерін біртіндеп молайту керек. Ол бала асқазанының жаңа тағамды ауырсынбай, жеңіл қорытуына ықпал етеді. Егер бала емшек еміп жүрген болса, қосымша тағамның тәулігіне 3 рет берілгені дұрыс. Ал егер емшектен шығып кеткен болса ол 5 рет беріледі. Қосымша тағамды балаға емізік кигізілген бөтелкемен емес, кесеге құйып, қасықпен берген дұрыс. Себебі емізік емген бала емшектен тез шығып кетеді (емізік ему емшек емуден әлдеқайда жеңіл); бөтелкеден гөрі кесе таза жуылады, яғни инфекция жұқтыру қауіпі азаяды. Қосымша тағамның аса сұйық болмауы қажет. Оның жұмсақтау әрі қоюлау болғаны жөн.