Білім беру тобына
келесі міндеттер кіреді: салауатты өмір
салты, қозғалыс белсенділігі, валеология саласында арнайы
білім беру жүйесін қалыптастыру; өмір сүру процесінде қолда
-
ну үшін қозғалыс дағдылары мен машықтарын қалыптастыру;
дене жаттығуларын жеке және топпен жасау кезіндегі гигиена
-
лық білім жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелеу тобына
келесі міндеттер кіреді: әлеуметтiк,
адамгершiлiк, зияткерлiк, ерiктiк қасиеттерді, таным белсендiлi
-
гiн қалыптастыру, қозғалыс қызметі негізінде этикалық және
эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу.
Тәрбие процесі дене тәрбиесi оқытушысының, тренердің
тұлғасына, оның моральді-этикалық қасиеттеріне бағынышты
болады, себебі тренерсіз жеке немесе топпен жасалған дене жат
-
тығуларының тәрбиелік маңызы болмайды.
Қозғалыс, музыка, жақсы қарым-қатынастар - бұлар дене
тәрбиесі процесінде тұлғаны тәрбиелеуде қарапайым да қол
-
жетімді факторлар.
Мiндеттердi сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу деп бөліп қара
-
стыру шартты түрде ғана жүзеге асады, алайда дене тәрбиесінің
жалпы процесінде олар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс
жасайды.
Дене тәрбиесiнiң құралдары:
■
дене шынықтыру жаттығулары;
■
гигиеналық факторлар;
■
табиғаттың сауықтыру күштері.
Достарыңызбен бөлісу: |