4 Табиғаттың сауықтыру күштері дегеніміз дене шы
-
нықтыру жаттығуларына мүмкіндік беретін табиғи жағдайлар
(таза ауа, күн сәулесі, тау немесе теңіз климаты және т.б.), со
-
нымен қатар, сауықтырудың жеке құралдары болып табылатын
және белгілі бір мөлшерде қолданылатын арнайы процедура
-
лар (шынықтыру сеанстары, ауа, күн, су ванналары).
Бұл құралдардың барлығы өзара байланыста, кешенді түрде
қолданылады.
Дене тәрбиесi, сауықтыру және дамыту ұйымдарының ішін
-
де мемлекеттік ұйымдар маңызды рөл атқарады: мектепке дей
-
інгі мекемелер, жалпы білім беру мекемелері, орта және жоғары
кәсіби білім беру мекемелері (5-сурет), әскерлер мен флоттар.
Мемлекет қоғамның денсаулығы мен оның болашағы
-
на қамқорлық жасайды. Дене тәрбиесiнiң жеке формасы кез
келген адамның өз денсаулығын нығайтып, дамуына, соның
17 ЖАСТАР
ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІНІҢ
ӘЛЕУМЕТТІК
МАҢЫЗЫ
ішінде, спортқа дайындалуына мүмкіндік береді. Олар: әртүрлі
қауымдастықтар мен ұйымдар, клубтар, сауықтыру және профи
-
лактика орталықтары.
Дене шынықтыру
сабағында