competens
– қандай да бір салада абыройлы, өз ісін
жетік білетін) төмендегідей болуы тиіс:
■
кәсіби тұлға ретінде қалыптасқан;
■
денсаулығы мамандық талабына сай келетін, физикалық
және психо-физиологиялық тұрғыда дайын, әлеуметтік және
кәсіби жағдайларда туындаған мәселелерді шеше алатын;
■
жеке өмiр сүру дағдыларын қаалыптастыруда тұрақты
мотивициялар жасай алатын;
■
қозғалыс белсенділігінің әдіс-тәсілдерін орынды
қолдана білу арқылы физикалық және кәсіби тұрғыда
жетістіктерге жету үшін жеке тәжірибелер жинақтайтын;
■
кәсiби дене тәрбиесі машықтарын еңбекте және өмірлік
жағдайларда қолдана білуге дайын.
Қазіргі таңда кәсіби орта білім түлектерінің кәсіби
қызметіне үлкен талаптар қойылады: физикалық және ақыл-
ой тұрғысында жұмысқа қабілеттілілік, психо-физиологиялық
мүмкіндіктер, шыдамдылық, т.б.
Кәсіби орта білімді аяқтаған түлек кәсiби мiндеттер кезінде
сапалы шешiм қабылдаудан бөлек, өз өмірін салауатты өмір
салтына сәйкес ұйымдастыра білуі қажет.
"Еңбек пен қорғанысқа дайын" кешенін енгізу оң бағаға
лайық, бұл жастардың тәрбиелiк потенциалын күшейтуге,
жеке физикалық және кәсіби дайындығын бағалауға мүмкiндiк
бередi.
Қоғам дамуының қазіргі сатысында жастардың кәсiби-
сауықтыру мәдениетiн кәсіби тұлғаны қалыптастыруға,
денсаулықты (адамшершілік, психикалық, физикалық) сақтауға
және нығайтуға, организмнің резервтiк мүмкiндiктерiн
жоғарылатуға, кәсіби түрде маңызды қасиеттерді дамытуға
бағытталған әлеуметтiк қызмет түрi ретінде қарастыру керек.
Бұл құзырлы кәсіби маманды максималды өмір ұзақтығы
кезінде еңбек және әлеуметтік бесенділікке дайындауды
қамтамасыз етеді.
5
Денсаулықты нығайтуда дене тәрбиесі маңызды рөл
атқарады. Дене тәрбиесі және валеология сауықтыруға,
адамның физикалық тұрғыда дамуына, заманауи кәсіби маман
дайындауға негізделеді.
Дене тәрбиесіне мән бермей, оны лайықты бағаламау Ресейде
дені сау жас ұрпақтың қалыптасуында денсаулық деңгейінің
төмендеуі мен халықтың өмір сүру ұзақтығының төмендеуіне
әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен валеологияның маңыздылығын
жоғарылату – халықтың денсаулығын нығайту мен көптеген
әлеуметтік мәселелердің шешіміне негіз болады.
КІРІСПЕ
|