«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
50
пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын адамды айтамыз. Бір сөзбен
айтқанда, дене тәрбиесі – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, қозғалыссыз
тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның
берері көп. Бірінші байлық – денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорттың өзара көмек
және ұжымдық сезімді қалыптастырып, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтіндігі жақсы мәлім.
Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы
десек те болады.
Қазіргі таңда Қазақстанда халықтың жаппай спортпен шұғылдануы үшін спорттық инфрақұрылымды
дамыту аса қажет. Себебі, спортпен шұғылданушылардың санын көбейту, қосымша спорт мекемелерін,
басқа да дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары мен клубтар ашу бірінші кезекте инфрақұрылымның
дамуы мен спорт нысандарының көбеюіне тікелей байланысты. Спорт инфрақұрылымының жалпы алғанда
дамып келе жатқанына қарамастан, спорттың бұқаралық сипат алуына спорт нысандарының (әсіресе,
ауылдық жерлердегі) кемшіліктері кедергі болып отыр. Ауылдық жерлердегі спорт нысандары аз,
қамтамасыз етілу деңгейі төмен. Бүгінде еліміздегі білім беру ұйымдарынан тыс нысандардың әр бесіншісі
жөндеуді қажет етуде.
Денсаулық мәселесі жүзеге асатын сауықтыру кешендерінің толық мәнінде жүзеге асырылуы адамның
денесін өмір бойы жетілдіріп отыруына негіз жасайды. Онда жабдықталған қондырғыларды пайдалана
отырып, денесін шынықтырумен үнемі айналысу ‒ жастардың бос жүру проблемасын шешудің, жат
қылықтардың көрінісін болдырмаудың тиімді жолы болып саналады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін
факторлардың 50-60% өмір тіршілігіне, 20% ‒ тұқым қуалаушылыққа, 20% ‒ сыртқы ортаның жағдайына,
8-10% ‒ дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты болады екен. Бұл деректер, денсаулық үшін күрестің ең
негізгі бағыты, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған іс-шаралар екенін
дәлелдейді.
2019 жылғы соңғы деректер бойынша, қазір елімізде 38,6 мың спорт нысаны бар. Оның 27,5 мыңы
білім нысандарына, 11,1 мыңы дене шынықтыру мен спорт нысандарына жатады. Ұлттық экономика ми-
нистрлігінің 2014 жылғы бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
мемлекеттік нормативтерге сәйкес, елімізде әрбір 1000 адамға 80 шаршы метр спорт алаңы болуы тиіс.
Бірақ қазіргі таңда елімізде әрбір 1000 адамға 47 шаршы метр спорт алаңынан тура келеді. Бұл мемлекеттік
нормативте белгіленген деңгейден екі еседей төмен.
2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысып
жүргендер саны жалпы халықтың 30,6%-ын құрап, 2014 жылмен салыстырғанда бар-жоғы 5%-ға өскен.
Бұл салада оң динамика болғанымен, халқының 60%-ға жуығы спортпен айналысатын АҚШ, Жапония,
Аустралия, Канада сияқты елдермен және Еуропа елдерімен салыстырсақ, біздің көрсеткішіміз – төмен
деңгейде (1-сурет). Мектеп жасындағы балалардың бар болғаны 59%-ға жуығы (1,8 млн) дене
шынықтырумен айналысса, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 31%-ы (172,4 мыңы) ғана
спортпен шұғылданады екен (2-сурет).
Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2019 жылы 5428 мектеп спорт залдарымен
қамтамасыз етілген. Іс жүзінде мектептердің 37%-ы спорт құрал-жабдықтарына деген қажеттілікті сезінеді,
1970 мектепте спорт залдары жоқ, ал ауылдағы спорттық-сауықтыру кешендерінің желісі ауыл
тұрғындарының тек 30%-ын ғана қанағаттандырады.
1-сурет – Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысушылардың салыстырмалы пайыздық көрсеткіші
Достарыңызбен бөлісу: