ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА СПОРТТЫҚ
КЕШЕНДЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
С.С.
Серикова
– 1 курс магистранты, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
А.Б.
Дошыбеков
– ғылыми жетекші, PhD докторы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.
Аңдатпа.
Мақалада спорттық кешендер арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін
анықтау жағдайы қарастырылған. Спорттық-сауықтыру кешендері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудағы
басшылыққа алынып келген сауықтыру және дамыту жұмыстары жайында жан-жақты айтылған. Түпкілікті
нәтижесінде жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, ел байрағын биікке самғатып, асқақтататын, салауатты өмір
салтын мұрат еткен жеке тұлғаларды тәрбиелеу спорттық кешендердің әсерінсіз толықтай мүмкін болмайды. Осы
жағдайды ескере отырып, мақалада жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің маңыздылығы, оны
қалыптастыруда спорттық кешендердің алатын орны қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |