Кіріспе. Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының
сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекеті жасалуда.
Елбасы қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-
жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 5
қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты
Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт инфрақұрылымының халыққа қолжетімді
болуы мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды,
сондай-ақ қолданыстағы спорт ғимараттарын тиімді пайдалануды тапсырған болатын [1]. Елбасымыздың
Жолдауынан кейін-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінде спорт кешендері бой көтерді.
Соның нәтижесінде салынған спорттық кешендер жасөспірімдерді көптеп өзіне тарта бастады. 2019
жылы аталған Жолдау шеңберінде Үкімет 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салды. 2020-2021
жылдары тағы 87 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған [2].