Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет94/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеудің өзектілігі. 
Дене тәрбиесінің көптеген салаларының арасында ойындардың алатын орны 
ерекше. Ежелден-ақ Египет пен Греция әр түрлі ойындар тәрбиелік мәніне байланысты зор орнын тапқан 
болатын.  Ойындарды  тәрбие  ісіне  пайдаланудың  жолдары  өте  көп.  Əсіресе  жастарымыз  үшін  ойын 
қимылдардың алар орны бөлек. Қимылды ойындар деп өз мазмұнына сай, яғни әр түрлі жүгіру түрлері, 
лақтыру, секіру тағы басқа да козғалыстарды айтамыз. Ойындар жалпы үш топқа бөлінеді. Жекелі, өтпелі 
және жылдық немесе топтық ойындар. 
Топтық ойындарда негізінде екі үлкен ұжымдық түрде өтеді. Əр топтың 30-40-қа дейін ойыншылар 
болуы мүмкін. Көбіне көп осы топтың ойындары сабақ кезіндегі ойындарға өз мазмұны жағынан жақын 
келеді.  Жалпы  жастарымыз  дене  тәрбие  сабағында  қимылды  ойындарға  зор  мән  береді.  Өйткені  оның 
үстіне ойыншылар өздеріне керекті терең де, қарапайым дене жаттығуларын жасайды. Ойын барысында 
жастардың  мінез-құлқының,  икемділіктің  қалыптасуына  керекті  өжеттілік,  қайсарлық  және  ұжымдық 
қасиеттері  дамиды.  Бұған  қоса  әр  түрлі  адамгершілік  қасиеттер,  яғни  қарсыластарға  деген  құрмет, 
жолдастық сезім, спорттық күрестегі тазалыққа үйренуге ұмтылуы дамиды. Сондай-ақ ойын кезінде әр 
түрлі  дене  қимылдары  да  қалыптасады.  Қимылдың  осындай  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  біз  осы 
жұмысымызға волейбол ойынына өз мазмұны және ережесі бойынша жақын келетін ойын түрлерін қосуды 
жөн көрдік. Бұл ойындар әрине волейбол ойынының әр түрлі әдістемелер өрнегінің икемділігін игеруге өз 
жемісін берері сөзсіз [1]. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
47 
Қимылды ойындар жас волейболшыларды дайындау процесінде қазіргі кезде көптеп қолданылып жүр, 
себебі  оқу-жаттығу  жұмысын  жаңа  бастаған  жастарға  волейбол  ойынының  икемділіктің  болмауынан 
кейбір тәсілдік әдістері өте ауыр тиеді. 
Нәтижесінде  жаттығу  сабағына  деген  қызығу,  ынта  төмендеп  кетеді.  Міне,  осы  жерде  қимылды 
ойындар  қимылдық,  икемділік  қасиеттердің  дамуына  бағытталған  және  тәсілдік  әдістердің  үйлесімді 
дамуына өз үлесін өлшеусіз қосады деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет