Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет95/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Мақсаты:
  Оқушылар  бойындағы  арнайы  ептілік  қабілетті  арттыруға  арналған  жаттығулар  мен 
әдістемелерді ұсыну. 
Зерттеу әдістемесі:  
1. Əдебиеттерге шолу; 
2. Дене-қозғалыс түрлерін зерттеу. 
Зерттеу нәтижелері мен сараптамасы: 
Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты икемділіктің дамуы. 
Икемділіктің дамуы денсаулықты нығайту және ұстап отыру үшін жалпы дене қабілеті даярлығы, дене 
тұрқының пішіндерін жетілдіру, адамның бұлшық еттерінің барлық топтарын дамыту және негізгі жарыс 
жаттығуларын орындаған кезде ең көп маңызға ие болатын бұлшық ет топтарының икемділік қабілеттерін 
тәрбиелеуге  бағытталған  арнайы  дене  қабілеті  даярлығы  барысында  жүзеге  асырыла  алады.  Осы 
бағыттардың  әрқайсысында  осыларды  осы  ұстанымға  қарай  шешу  қажет  болатын,  иілгіштік  пен 
міндеттерді  дамытуға  ұстанымды  анықтайтын  нақтылы  мақсат  қойылады.  Осыған  байланысты  күшті 
тәрбиелеудің белгілі бір әдістері мен тәсілдері іріктеп алынады [2]. 
 
Спорттық  жаттығуда  қолданылатын,  икемділікті  тәрбиелеу  тәсілдерін  шартты  түрде  барлық  спорт 
түрлері үшін ортаққа және спорттың жекелеген түрлері үшін арнайы деп бөлуге болады. 
Ортақ икемділік бағытындағы тәсілдер: 
1. Сыртқы  заттардың штанганың, жиналмалы гантельдердің, іші  толтырылған қаптардың, серігінің 
салмағын және т.б. салмағын жеңумен байланысты жаттығулар; 
2. Өз денесінің салмағынан ауырлатылған жаттығулар: 
а)  бұлшық  етке  күш  түсу  өз  денесінің  салмағының  есебінен  жасалады  (салбырап  тұрып  тартылу, 
тіреліп жатып итерілу, тіреліп, салбырап тұрып тепе-теңдікті ұстап тұру); 
ә) өз денесінің салмағы қосымша тіректі пайдалану есебінен азаяды; 
б) өз денесінің салмағы сыртқы заттардың салмағымен арта түседі; 
в)  бұларда  өз  денесінің  салмағы  еркін  құлаған  дененің  инерциясы  есебінен  арта  түсетін  соққылы 
жаттығулар (секіру жаттығулары, сонымен қатар алға және жоғары секірулердің комбинациялары). 
3. Жалпы түрдегі тренажер қондырғыларын пайдаланумен байланысты жаттығулар. 
4. Изометриялық режимдегі статикалық жаттығулар: 
а) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдалана отырып, ерік-жігер күш салуларының есебінен 
жасалады (алуан түрлі тіректер, ұстап тұрулар, қарсы әрекеттер және т.с.); 
б)  бұлшық  етке  күш  түсу  сыртқы  заттарды  пайдаланусыз,  ерік-жігер  күш  салуларының  есебінен 
жасалады.  
Жаттығудағы  әсер  етудің  икемділікке  бағытталғандығы  бұлшық  еттерге  күш  түсірудің  жағдай-
ларымен,  шарттарымен  қиындатылған  жарыс  және  арнайы-даярлық  жаттығуларын  қолдана  отырып 
қамтамасыз етіледі. Мұндайларға арнайы икемділік бағытындағы келесі тәсілдерді жатқызуға болады: 
1. Сыртқы ортаның жағдайларымен жасалатын күш түсулерді пайдалана отырып жасалатын жарыс 
жаттығулары  –  тауға  қарай,  терең  қар  бойынша,  бос  құм  бойынша,  желге  қарсы  жүгіру  және  орын 
ауыстыру және т.с.  
2. Күш түсірумен, оның ішінде ауыр снарядтармен жасалатын жарысу және арнайы-даярлық жатты-
ғулары. 
3.  Серпімді  заттардың  –  эспандерлердің,  резеңке  жгуттардың,  серпімді  доптардың  және  т.с.  кедер-
гілерін жеңе отырып жасалатын жаттығулар. 
4. Серігінің қарсы әрекет жасауымен жасалатын жаттығулар. 
5. Секіру жаттығулары. 
6. Арнайы күш тренажерлерінде жасалатын жаттығулар. 
Икемділікті тәрбиелеу әдістерін шартты түрде төрт топқа біріктіруге болады. Бірінші топ – шекті емес 
күш  салуларды  қолдана  отырып  жасалатын  қайталама  жаттығулар  әдістері.  Екінші  топ  ‒  шекті  және 
шектіге жуық күш салуларды қолдана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері. Үшінші топ – 
дененің статикалық қалпын пайдалана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері және төртінші 
топ – икемділік қабілеттерін тәрбиелеудің арнайы емес әдістері.  


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
48 
Қарапайым қимыл реакцияларының икемділігін дамытуға жарыстың старттық фазасында немесе оның 
барысында белгілі бір белгіге немесе сигналдық мәні бар жағдайға алдын ала анықталған әрекетпен сол 
сәтте  жауап  беруді  талап  ететін  спорт  түрлеріне  үнемі  көңіл  аударылып  отырады.  Мұндайларға 
волейболдағы доп беру немесе шабуылдаушы соққы жасау, старттық ату, төрешінің ысқырығы және т.б. 
жатады [3]. 
Қарапайым  қимыл  реакцияларының  икемділігін  тәрбиелеу  әдістемесінің  негізі  болып  кенеттен 
туындайтын, бірақ алдын ала белгіленген тітіркендіргішке, реакция берудің мейлінше аз уақытын ұстана 
отырып,  қайталама  реакция  беру  табылады.  Əдетте  реакция  беру  оқшау  емес,  нақтылы  бағытталған 
қозғалыс  әрекетінің  немесе  оның  элементінің  (старт,  шабуылдаушы  немесе  қорғаныс  әрекеті,  ойын 
әрекеттерінің элементтері және т.с.) құрамында көрініс табады. Таңдап алынған спорт түрінде жаттығудың 
бастапқы  кезеңдерінде  қарапайым  реакциялар  уақытының  белгілі  бір  дәрежеге  дейін  қысқаруына 
жылдамдық қасиеттерінің көрініс табуының қарапайым және күрделі түрлерін қосатын жаттығулар ықпал 
етуі мүмкін. Бұл әртүрлі спорт түрлері өкілдерінде оны тәрбиелеудің алғашқы кезеңдерінде спринтерлік 
жаттығулардың, қозғалмалы және спорттық ойындардың қолданылуын ақтайды. Бұл ретте, егер спортшы 
осы қасиеттің көрініс табуының максимумын талап етпейтін спорт түрінде маманданса, қарапайым қимыл 
реакциясының жылдамдығының даму дәрежесі көбінесе спортшыға жеткілікті болып келеді [4]. 
Мектеп  жасындағы  балаларда  икемділікті  дамыту  олардың  жан-жақты  дене  қасиеттерінің  даяр-
лануының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жалпы спорттық дене дайындығы қимыл-қозғалыс 
әрекетінің айтарлықтай көлемін орындауға; орындалып отырған жұмыстың жоғарғы деңгейін ұзақ уақыт 
ұстап тұруға; айтарлықтай күш түскеннен кейін күштерін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет