«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
54
Спорт кешені спорттық іс-шараларды сауатты ұйымдастыруда тоқтап қалмайды. Ол спорт пен
салауатты өмір салтын насихаттайды, белсенді спорттық өмір қатарына тек жастарды ғана емес, қала
тұрғындарын, бала жастан бастап егде жасқа дейін тартады. Денсаулық адам өмірінің барлық салаларында
өзін-өзі жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады. Қазіргі қоғамда салауатты өмір салтын
қалыптастыру, денсаулықтың сапасы мен деңгейін жақсарту мәселесі жоғары деңгейде кешенді жүйелі
шешуді талап етеді.
Денсаулықты нығайту, спортты дамыту, жастарды дене шынықтырумен айналысуға тарту ‒ мемле-
кеттің жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жастар саясатының осы бағытының
даму деңгейі әрдайым өзекті бола бермек. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне
ерекше назар аудару өте маңызды. Осыған байланысты, мемлекеттің барлық деңгейлерінде спорттың, дене
шынықтырудың дамуы, жас ұрпақты сауықтыру бірінші кезектегі міндеті болып тұрады. Жастарға
арналған жаңа спорт нысандарының салынуы, жаңа жабдықтар алу, білікті мамандарды даярлау осы
мәселенің инновациялық әдіс арқылы шешімін табады.
Достарыңызбен бөлісу: