Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет238/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу  мақсаты: 
ғылыми  әдебиеттерге  талдау  жүргізе  отырып,  педагог  мәртебесін  дамытуды 
теориялық тұрғыда негіздеу. 
Зерттеу міндеттері:
 
1. «Мәртебе», «Педагог мәртебесі» ұғымдарының мәнін анықтау; 
2. Əлемдік деңгейдегі педагог мәртебесінің жағдайын анықтап, шетелдік тәжірибені зерттеу.
 
Зерттеу  әдістері: 
Қазақстан  Республикасының  нормативтік-заңнамалық  құжаттарын,
 
ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерді талдау, жүйелеу, тәжірибе жинақтау. 
Зерттеу  нәтижелері: 
Ғылыми  әдебиеттер  талдауы  көрсеткендей,  педагог  –  білім  алушыларға 
басшылық  жасайтын  және  оның  білім  беру  қызметін  басқаратын,  яғни  оны  ұйымдастыратын  адам, 
нақтыласақ,  педагог  –  тек  мұғалім,  оқытушы,  тәрбиеші  және  т.  б.  ғана  емес,  сонымен  қатар  үйретуші, 
тәлімгер, дамытушы адам. 
Ал сол педагогтың мәртебесіне не жатқызатынымызды анықтасақ, мәртебе ‒ лат. status ‒ істің жай-
күйі,  жағдайы,  азаматтың,  заңи  тұлғаның,  мемлекеттік  органның  халықаралық  ұйымның  құқықтық 
жағдайын сипаттайтын құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. 
Мәртебе ‒ абстрактылы көпмағыналы ұғым (термин бірнеше салада қолданылады), жалпы мағынада 
объект  немесе  субъект  параметрлерінің  тұрақты  мәндерінің  жиынтығын  білдіретін  термин.  "Мәртебе" 
термині латын тілінен аударғанда біреулердің жағдайын білдіреді. Бұл түсінікте жеке тұлға, адам, азамат 
мәртебесі  туралы  анықталады.  Төменде  біз  «мәртебе»  ұғымын  жан-жақты  қарастыруды  жөн  көрдік               
(1-кесте).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет