«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
147
Қазіргі уақытта жас футболшыларды шапшаңдық дайындығында тәсілді қолданудың екi ұстанымы
бар. Бiр мамандар жас футболшыларды жылдамдық ‒ күштiк дайындық доппен жаттығуы ғана қосылуы
керек деп есептейдi, басқасы жаттығудың бөлiгi допсыз жүргiзiлуi керек дейді. Бiз соңғы көзқарасты
қолдаймыз, өйткені көп жас ойыншылар жылдамдық ‒ күштiк дайындық сабақта, әсiресе жылдамдық пен
ептілікті дамыту жаттығуларды орындау кезінде, негiзгi назарларын допқа аударады да өздерінің денелік
мүмкiндiктерін толығымен көрсете алмайды [2].
Сонымен қатар, біздің футболшылардың әлемдік кәсіби командаларының артта қалып келе жатқан
себептерінің бірі жаттығу үдерісінің тиімді жасалмағандықтан және алға жетелейтін спорт саласындағы
жаңалықтар енгізілмей қалып қоятынында деуге толық негіз бар.
Теоретикалық сараптама футболдың әдісінде педагогика, философия, психология салаларының
мамандарының жалпы теорияларына сүйену керек деген шешім шығаруда. Оған қоса мектеп гигиенасы
мен жас ерекшеліктері гигиенасына тәрбиелеу де өз нәтижесін береді деп көрсетілген [3].
Жас футболшылардың шапшаңдығын тәрбиелеудегі ғылыми-сараптамалық жаңалықтар әлеуметтік
зерттеудің бір бөлігі болып табылатын. Ал бұл өз кезегінде шапшаңдықты күшейту және техниканы жақсы
шыңдау барысына кері әсерін тигізуде.
Жоғарыда айтылғанның бәрi бiздiң зерттеуiмiздiң бағыты және өзектiлiгін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: